02.02.2015, 19:02 4098

ҚР-да 2015 жылдыӊ қаӊтар айында инфляция 0,6%-ды құрады - ҰЭМ

Қазақстанда 2015 жылдыӊ қаӊтарында инфляция 0,6%-ды құрады, сонымен бірге азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,1%-ға төмендегені байқалған, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігініӊ Статистика комитетінде

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылдыӊ қаӊтарында инфляция 0,6%-ды құрады, сонымен бірге азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,1%-ға төмендегені байқалған, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігініӊ Статистика комитетінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылғы қаӊтарда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6% құрады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды http://www.primeminister.kz тілшісі.

Статистика комитетінде атап өткендей, қаӊтарда баға азық-түлік тауарларына 1,2%, ақылы қызметтерге - 0,7%-ға өсті,. Ал, азық-түлік емес тауарларына баға 0,1%-ға төмендеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны