17.03.2014, 20:06 3305

ҚР-да 20-дан астам санаттағы азаматтар арнайы мемлекеттік төлем алады - Т.Дүйсенова

Бүгінде Қазақстанда 20-дан астам санаттағы азаматтар арнайы мемлекеттік төлем алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Бүгінде Қазақстанда 20-дан астам санаттағы азаматтар арнайы мемлекеттік төлем алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Арнайы мемлекеттік төлем алатын жекелеген санаттағы азаматтарға ерекше қауіпті жерлерде еңбек ететіндер, денсаулыққа қауіпті шарттарда жұмыс істейтін және №1, №2 тізімі бойынша арнайы мемлекеттік төлем алатын немесе соғыс ардагерлері, соғыс мүгедектері мен тыл ардагерлері жатады.Жалпы, елімізде арнайы мемлекеттік төлеме 20-дан астам санаттағы азаматтар иелік етеді", - дейді министр.

Оның айтуынша, Семей ядролық полигонындағы сынақтан зардап шеккен азаматтарға бір реттік өтемеақы көлемін арттыру да қарастырылған.

"Балалы отбасыларға, көпбалалы отбасыларға берілетін төлем көлемі мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларыдағы балалардың басына берілетін төлем көлемін арттыру және өмір сүру минимумы көлемі немесе жағдайға байланысты адрестік әлеуметтік көмек көлемін арттыру қарастырылған", - дейді Т.Дүйсенова.

Айта кету керек, Үкіметтің қарауында жатқан жаңа заң жобасы аясында 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап көбейтілуі көзделген әлеуметтік пакет қарастырылған. Оған жататын азаматтар қатары: мүгедектер, асыраушысынан айырылғандар, әлеуметтік мемлекеттік төлем алатын жекелеген азаматтар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны