13.12.2013, 21:33 4731

ҚР-да АЭС құрылысына ыңғайлы үш алаң анықталды

Алдын ала болжамдар қорытындысы бойынша Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге ыңғайлы жерлер: Үлкен (Балқаш өзені) және Курчатов аудандары мен Ақтау қаласы, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Алдын ала болжамдар қорытындысы бойынша Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге ыңғайлы жерлер: Үлкен (Балқаш өзені) және Курчатов аудандары мен Ақтау қаласы, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылдың 23 қаңтарында ҚР Президентінің қатысуымен өткен жиында ҚР Үкіметіне "Қазатомпром" ҰАК" АҚ-мен бірігіп атом элекростанциясының құрылымы мен құрылысы орнын шешу жобасын енгізу туралы тапсырма берген болатын. Алдын ала зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанда АЭС құрысын жүргізуге ыңғайлы жерлер: Үлкен (Балқаш өзені) және Курчатов аудандары мен Ақтау қаласы", - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, атом энергетикасын дамытудың әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып және әлемдік атом энергетикасының жеңіл су реакторларына негізделген қазіргі жағдайды ескере отырып, Қазақстанда мақсатты түрде бірінші кезеңде жеңіл су реакторларына негізделген атом энергетикасын дамыту керек.

Айта кетейік, зерттеу қорытындысы көрсеткендей, ҚР аумағында 600-1000 МВт қуаттылығы бар АЭС референтті блогтары негізінде базалық қуат құрылу керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны