03.05.2013, 12:14 3787

ҚР-да ағымдағы жылдың сәуірінде өнеркәсіптік өнімдерге бағалар 2,3%-ға төмендеді

ҚР статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда өнеркәсіптік өнімді өндіруші-кәсіпорындардың бағалары 2013 ж. сәуірде 2,3%-ға төмендеді. Ағымдағы жылдың сәуірінде наурыз айымен салыстырғанда тау-кен өнеркәсібіндегі бағалар 3,2%-ға, ал өңдеу саласында - 0,6%-ға төмендеген.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда өнеркәсіптік өнімді өндіруші-кәсіпорындардың бағалары 2013 ж. сәуірде 2,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда өнеркәсіптік өнімді өндіруші-кәсіпорындардың бағалары 2013 ж. сәуірде 2,3%-ға төмендеді. Ағымдағы жылдың сәуірінде наурыз айымен салыстырғанда тау-кен өнеркәсібіндегі бағалар 3,2%-ға, ал өңдеу саласында - 0,6%-ға төмендеген.

Сонымен қататр, өндірілген өнім 2,5%-ға арзандаса, ал өндірістік сипаттағы қызметтердің 0,1%-ға қымбаттағаны байқалған.

Өз алдына, өткен айдағы бағалардың төмендеуі газ конденсатына 4,1%, мұнайға - на 4%, сұйық пропан мен бутанға - 3,9%, табиғи газға - 2,3%, дизельдік отынға - 2,2%, бензинге - 1,4%, ал артуы металл кендеріне 7,1%, мазутқа - 1,4% белгіленген.

Сонымен бірге, бір айда қорғасын мен мырышқа 8,2%, айналымсыз алюминийге - 7,1%, мысқа - 3,5%, асыл металдарға - 2,5%, қара металдар прокатына - 1,2%, ферроқортыпаға - 0,9%-дан аса баға төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны