31.12.2013, 13:07 6384

ҚР-да "Агробизнес-2020" бағдарламасын іске асыруға 3,1 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған

"Жалпы, 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын іске асыруға 3 122,2 млрд теңге қарастырылған. Бағдарлама аясында 2020 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есеге дейін арттыру көзделген", - делінген хабарламада.

Алматы. 31 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын іске асыруға 3 122,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы минисрлігінің баспасөз қызметі.

"Жалпы, 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын іске асыруға 3 122,2 млрд теңге қарастырылған. Бағдарлама аясында 2020 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есеге дейін арттыру көзделген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, биыл бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 123,6 млрд теңге бөлінді, соның 2013 жылдың 1 желтоқсанына дейін 105,4 млрд теңге игерілді.

"Бағдарламада мемлекеттік қолдаудың қазіргі шараларымен (АӨК салаларын субсидиялау, жеңілдетілген несие, қайтарымсыз негізде қызмет көрсету) қатар жаңа мемлекеттік қолдау түрлері қарастырылған. Атап айтар болсақ, олар қаржыландыру, инвестициялық субсидия, сақтандыру және гранттау түрлері. Сонымен қатар, өсімдік өсіруде міндетті сақтандыру механизмін жетілдіру мен мал шаруашылығына сақтандыру енгізу қарастырылуда", - деп толықтырады ведомство хабарламасы.

Айта кету керек, бағдарламаның қолға алынуы ауылдағы кәсіпкерлік дамуына оң ықпал етіп, салаға инвестиция ағымын қамтамасыз етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны