07.09.2015, 17:51 4540

ҚР-да ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін абоненттік төлем енгізіледі - З.Сағынов

"ҚазАвтоЖол" министрлікке Қазақстан тұрғындарына абоненттік төлем енгізуді ұсынып отыр. Мәселен, ол 90 күн, 120 күн, 360 күн үшін төлеп қойып шлагбаумдарға тоқтамайды, себебі жүйе оныӊ нөмірін анықтағанда мәлімет алады", - деді З.Сағынов

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Республика азаматтары үшін еліміздіӊ автомагистральдарында жүруге абоненттік төлем енгізіледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "ҚР-ныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жол, көлік инфрақұрылым, көліктік логистика және авиациялық тасымалдауларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын таныстыру барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ жауапты хатшысы Замир Сағынов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" министрлікке Қазақстан тұрғындарына абоненттік төлем енгізуді ұсынып отыр. Мәселен, ол 90 күн, 120 күн, 360 күн үшін төлеп қойып шлагбаумдарға тоқтамайды, себебі жүйе оныӊ нөмірін анықтағанда мәлімет алады", - деді З.Сағынов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Бұдан өзге, ол енгізілген заӊ жобасына сәйкес екі ірі қала - Астана мен Алматыда жолдардыӊ ақылылығын анықтау бойынша қызметті жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылғанын мәлімдеді.

Ведомствоныӊ жауапты хатшысы түсіндіріп өткендей, "ҚазАвтоЖол" ұлттық оператор қандай көшелерді ақылы ету керектігін қарастыруда, біз оны жергілікті атқарушы органдарға береміз, бірақ ол Алматы және Астана қалаларында ғана жүзеге асады.

ҚР Үкіметі аталмыш заӊ жобасыныӊ қабылдануы құқықтық механизмдерді жетілдіруге бағытталған. Заӊныӊ қабылдануы республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қарастырмайды.

Айта кетсек, қарастырылып отырған заӊ жобасы Ұлт жоспары - "100 нақты қадам", оныӊ ішіне 58,65,66,67 және 68 қадамдарын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ, Бюджеттік, Азаматтық және Салық кодексіне өзгертулер мен толықтыру енгізу, "Автомобильдік жолдар туралы", "Көлік туралы", "Темір жол көлігі туралы", "Табиғи монополиялар мен реттеу нарықтары" және т.б заӊдарға өзгертулер енгізу қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны