08.07.2015, 11:24 4189

ҚР-да автомобиль техникасын импорттау реттелді

Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрініӊ 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Еуразиялық экономикалық одағы елдерініӊ аумағынан жеке тұлғалардыӊ кәсіпкерлік қызмет мақсатында емес әкелінетін көлік құралдарынан өзге әкелуге айрықша құқық берілетін тауарлардыӊ жекелеген түрлерініӊ тізбесін бекіту туралы" №481 бұйрығы күшіне енді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрініӊ 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Еуразиялық экономикалық одағы елдерініӊ аумағынан жеке тұлғалардыӊ кәсіпкерлік қызмет мақсатында емес әкелінетін көлік құралдарынан өзге әкелуге айрықша құқық берілетін тауарлардыӊ жекелеген түрлерініӊ тізбесін бекіту туралы" №481 бұйрығы күшіне енді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл Бұйрықтыӊ қабылдануы автомобиль техникасын импорттауды реттеу, импорттаушылар мен сатушылардыӊ өздерініӊ әкелген автокөлік құралдарын сатудағы жауапкершілігін күшейту қажеттігінен туындаған, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан республикасындағы автомобиль рыногыныӊ жай-күйі қазіргі уақытта сервистік желілердіӊ жеткіліксіз дамуымен сипатталады, автоорталықтар мен сервистік станциялардыӊ ұйымдастырылуына инвестициялар тарту қажет. Лицензиялаудыӊ мақсаты - авторынокты шектеу емес, автомобиль құралдарын ниеттері таза емес жеткізушілерден тұтынушыларды сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ ҚР-нда автомобиль сату және сервисі саласында тек қана шығарушылардыӊ ресми өкілдері ғана кепілдік бере алатын жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз ету.

Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасына ТН ВЭД ЕАЭС 8702, 8703, 8704 (автобустар, жеӊіл және жүк автомобильдері) бойынша топтастырылған көлік құралдарыныӊ кейбір түрлерін әкелу лицензияларын берумен дистрибьюторлық немесе дилерлік Келісім негізінде әзірлеушініӊ ресми өкілдері, сондай-ақ ресми дилерлер айналысады.

Лицензияларды берумен Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігініӊ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті шұғылданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны