13.02.2014, 19:10 3073

ҚР-да геологиялық ақпаратты алу мерзімі 7 күнге дейін азайды - Б.Нұрабаев

2014 жылы геологиялық ақпаратты алу мерзімінің қысқартылуы Қазақстанның аталмыш салада биік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік берді.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2014 жылы геологиялық ақпаратты алу мерзімінің қысқартылуы Қазақстанның аталмыш салада биік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік берді, - дейді ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

"Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанның геологиялық саласын баса назар аударды", - дейді Б.Нұрабаев.

Оның айтуынша, бүгінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті тарапынан реформалардың бірыңғай пакеті - 2015-2019 жылдарға арналған салалық бағдарламалардың тұжырымдамасы дайындалды.

"Бүгінде мемлекеттің минералды-шикізаттық ресурсын толықтыру керек. Ол үшін өңірлік деңгейде барлаудың 1 және 2 кезеңін зерттеу керек", - дейді комитет төрағасы.

Осы бағыттағы жұмыс үшін ҚР-да Үкіметтің геологиялық ақпаратты алу мерзімін қысқарту туралы Қаулысына қол қойылды.

"Егер бұрындары геологиялық ақпарат 240 күн ішінде қаралатын болса, қазір біз бұл мерзімді бірнеше есеге дейін төмендетіп отырмыз. Бұл инвесторлар үшін өте маңызды дүние. Бірінші кезекте өткен жылғы геологиялық ақпараттарды зерттеу керек. Біз ақпарат алу мерзімін 7 күнге дейін қысқарттық. Сонымен қатар, барлау келісімшарттарын алу кезіндегі геологиялық ақпараттың құнын анықтау жүйесі дайындалды. Өйткені барлау дегеніміз - тәуекелді қажет етеді, инвестор шығындалып қалуы да мүмкін. Барлау келісімшартын өндіру шартымен салыстыруға болмайды. Сол үшін біз бүгінде біз геологиялық ақпараттың құнын бір күнде анықтай аламыз. Бұрын бұл үшін 2-3 ай қажет болатын еді", - дейді Б.Нұрабаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны