03.02.2014, 21:26 3808

ҚР-да көліктердің салмағын өлшеу үшін 18 электрондық арка іске қосылады- А. Жұмағалиев

Қазақстанда 2014 жылы көліктердің салмағын өлшеу үшін 18 жаңа электрондық арка пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен колегияда ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылы көліктердің салмағын өлшеу үшін 18 жаңа электрондық арка пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен колегияда ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

"Зияттық көлік жүйесі жолдағы қауіпсіздік деңгейін 25-35%-ғаарттыруға және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін диспетчирлеу, электронды билеттеу мен зияттық аялдамалар арқасында көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автоматты түрде салмақ өлшеу жүйесі жүк тасымалдау көлемін 2 есе көбейтеді. Бұдан басқа жүк тасымалдау кезіндегі Қазақстан аумағында жылдамдықты сағатына 60-70 км жеткізуді көздеп отырмыз", - деді А.Жұмағалиев

Сондай-ақ, министрлік зияттық көлік жүйесін енгізу бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтатын болсақ, көлік бақылау аясындағы жұмыстар автомобиль жолдарын қорғауға бағытталған.

"2014 жылы қозғалыс барысында көліктердің салмағын өлшейтін 18 жаңа электронды арка іске қосылады. Бүгінде Қазақстанда мұндай арканың 13 жұмыс істейді. Егер 2012 барлық көлікті бақылау бекеттері 195 млн теңге айыппұл салса, 2013 жылы аркалардың қатысуымен 715 млн теңгеден астам қаржы айыппұл ретінде салынған. Бұл дегеніңіз үш жарым есе артық", - деп ведомство басшысы атап өтті.

Өткен жылы зияттық көлік жүйесін енгізу жұмыстары жалғасып, республикалық дәрежедегі автожолдарда артық жүк тиеп алған көліктерді анықтайтын 13 электронды арка іске қосылса, 11 көлік бақылау стационарлық бекеттер жабылды. Сонымен бірге, көлік бақылау бекеттері мен электорнды таразылардың жұмысын қадағалау үшін елімізде Жағдайды басқару орталығы жасақталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны