09.01.2015, 15:42 4110

ҚР-да қоӊыр көмірден отынды тәжірибелік өндіру 2015 жылдыӊ сәуірінде басталады - ҚР БҒМ

2015 жылдыӊ сәуір айында Қазақстанда Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Сарыадыр кен орнында қоӊыр көмірден отын және бензин өндіретін тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігі жанындағы Технологияларды коммерцияландыру орталығыныӊ бас директоры Дамир Егізбаев ОКҚ өткен брифингінде.

Астана. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Ерейментау жанындағы Сарыадыр көмір кенішінде қуаттылығы тәулігіне 0,8 тоннаны құрайтын тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылады, осы ретте сұйық отынныӊ құны 1 литріне 42 теӊгені көрсетеді", - деді Д.Егізбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Оныӊ айтуынша, жобаны 2013 жылдан бері көмір химиясы және технологиялар институты іске асыруда. Илеуетті инвестор да табылған, ол жобаны сәтті жүзеге асырған жағдайда зауыт салуға 1 млн-ға жуық доллар салуға дайын, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

"Көмірді қайта өӊдеу үдерісі дүние жүзі мамандарымен дайындалған, алайда қазақстандық ғалымдар бұл технологияны отандық қоӊыр көмір ерекшеліктеріне сәйкес бейімдендіре алды, сондай-ақ технологиялық үдерісті шапшаӊдатып және отын бағасын төмендете алды", - деп баса айтты орталық басшысы.

Сондай-ақ, орталықтыӊ қолдауымен 3D-принтерлердіӊ өндірісі бойынша жоба жүзеге асырылады. Жасаушылар энергетикада изоляциялық материалдарды өндіру үшін пайдаланылатын жабдықты жеткізу бойынша алғашқы келісімшартын жасап үлгерді.

"Елімізде осы жобаны жүзеге асырушылар сервисті де қоса жүзеге асыруды ұсынуда, яғни өндірісті, оқытуды, техникалық қызмет көрсету мен бағдарламалық қамтамасыз ету де қамтылатын болады",-деп баса айтты Д.Егізбаев.

Сонымен бірге, нарықтағы құрылғыларға қарағанда оныӊ бағасы 20-30 пайызға арзан болады. Өнімніӊ негізгі пайдаланушылары стоматологиялар, оқу мекемелері, архитектуралық-құрылыс компаниялары болады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны