01.03.2013, 15:17 3563

ҚР-да өнеркәсіптік өнім бағасы 1,9%-ға өскен

"Ағымдағы жылғы ақпанда қаңтармен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 2,4%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 0,2%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім 1,9%, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,4%-ға қымбаттады",- деп хабарланған ведомство мәлімдемесінде.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың ақпанында қаңтармен салыстырғанда өндірістік өнеркәсіп өнімінің бағасы 1,9%-ға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ағымдағы жылғы ақпанда қаңтармен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 2,4%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 0,2%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім 1,9%, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,4%-ға қымбаттады",- деп хабарланған ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, өткен айда бағаның отындық мазутқа 4,1%, газ конденсатына - 3,4%, металл кендеріне - 3,1%, мұнайға - 2,6%, дизельдік отынға - 1,6%, керосинге - 0,6%-ға жоғарылауы, олардың сұйытылған пропан мен бутанға 7%, көмірге - 2%, табиғи газға - 1,9%, бензинге - 0,2%-ға төмендеуі тіркелді.

Оған қоса, бір айда қорғасын бағасы 14,1%, өңделмеген мырышқа - 8,1%, мысқа - 0,6%, ферроқорытпаларға - 0,1%-ға жоғарылады, өңделмеген алюминийге - 2,7%, қара металдар илегіне - 2,1%, асыл металдарға - 0,8%-ға төмендеді.

Айта кету керек, бағалардың жоғарылауы азық-түлік сегментінде де тіркелген, қара бидай ұны 18,5%, мал еті - 4,9%, қант - 3,4%, бидай ұны - 1,5%, жармалар - 1,3%, макарон өнімдері - 1%-ға қымбаттады, темекі өнімдері - 4%, балық - 1,4%, өсімдік майы - 0,2%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны