20.05.2014, 21:49 3331

ҚР-да Оңтүстік пен солтүстік арасындағы демографиялық теңсіздікті теңестіру шаралары ұсынылды

"Бүгінгі таңда оңтүстік аймақтарда халықтың 38% тұрса, жалпы өңірлік өнімнің 17% олардың ешсінде. Ал, солтүстік өңірді халықтың 29% мекендесе, ЖӨӨ 25% оларға тиесілі. Бүгінде өңірлер арасындағы демографиялық теңсіздікті теңестіру қажет. Бұл мақсатта солтүстікте өндіріс қуаттылығын арттырып, инфрақұрылымдық жобаларды көптеп жүзеге асырған жөн. Сонда ұзақ мерзімді жаңа жұмыс орындары ашылады. Айта кетерлік жайт, жаңадан қоныстанушыларға бейімделу үшін уақыт керек және ол берілуі тиіс", - деді Қ. Абсаттаров.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оңтүстік пен солтүстік арасындағы демографиялық теңсіздікті теңестіру бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени дамуға арналған отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қайрат Абсаттаров мәлім етті.

"Бүгінгі таңда оңтүстік аймақтарда халықтың 38% тұрса, жалпы өңірлік өнімнің 17% олардың ешсінде. Ал, солтүстік өңірді халықтың 29% мекендесе, ЖӨӨ 25% оларға тиесілі. Бүгінде өңірлер арасындағы демографиялық теңсіздікті теңестіру қажет. Бұл мақсатта солтүстікте өндіріс қуаттылығын арттырып, инфрақұрылымдық жобаларды көптеп жүзеге асырған жөн. Сонда ұзақ мерзімді жаңа жұмыс орындары ашылады. Айта кетерлік жайт, жаңадан қоныстанушыларға бейімделу үшін уақыт керек және ол берілуі тиіс", - деді Қ. Абсаттаров.

Оның айтуынша, экономикалық тұрғыда қолдау көрсету шарасы ең маңыздысы болып табылады. "Оңтүстік өңірлерде олар үйреніп қалған кәсіпкерлік түрін дамыту керек. Бұл көшу үшін базалық жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деп есептейді вице-министр.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясындағы әдістердің бірі микронесиелеу тәжірибесін кеңейту болуы мүмкін. Мұнда қоныстанушылар үшін дәстүрлі бағыттар бойынша кәсіпкерлікті дамытуға арналған арнайы бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін шағын несие санын арттыру керек. Соның ішінде егіншілік, көкеніс өсіру мен жылыжай шаруашылығына басымдылық беру қажет", - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, құрушы инфрақұрылымға көңіл бөлген жөн.

"Солтүстік өңірлердегі ЖОО мен колледждерде оқу орындары санын арттырып, жатақханалардағы орындарды жаңғырту мен көбейту жұмыстарын қолға алып, жастарға арнайы білім гранттарын тағайындау қажет", - дейді.

Жалпы, Еңбек министрлігінің мәлімтінше, Қазақстан 944 мыңнан астам оралман қабылдаған. Бұл республика халқының шамамен 5,5%-ын құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны