06.05.2016, 13:59 5760

ҚР-да рәсімделмеген жер телімдері жария етуге жатқызылмайды - ҚР Қаржы министрлігі

Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес рәсімделмеген жер телімдері жария етуге жатқызылмайды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингі барысында ҚР қаржы вице-министрі Ардақ Теӊгебаев

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес рәсімделмеген жер телімдері жария етуге жатқызылмайды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингі барысында ҚР қаржы вице-министрі Ардақ Теӊгебаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Тиісті түрде рәсімделмеген жер телімдері жария етуге жатқызылмайды. Жеке меншік құқығындағы жер телімдеріндегі жылжымайтын мүлік жатады, яғни алдымен жер телімі және онда үй немесе ғимарат салынған болса, ол да заӊды түрде рәсімделуі тиіс, сонда ол үй немесе ғимарат жария етуге жатқызылады. Бірақ, жер телімі заӊды болмаса, және мүлде рәсімделмеген болса, ол жария етуге жатпайды. Заӊ оны қарастырмайды", - деп түсіндірді ол, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Айта кеткен жөн, 2015 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша 425 млрд теӊге жария етілді. 2015 жылғы 30 қарашадағы көрсеткіштермен салыстырғанда, қосымша 779 млрд теӊге, оныӊ ішінде ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша 302 млрд теӊге; ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша 0,7 млрд теӊге жария етілді; 477 млрд теӊгеге ақша жария етілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны