27.02.2014, 19:07 4309

ҚР-да "Самұрық-Қазына" ҰИҚ қатысуымен 4 технологиялық орталық құрылады

"Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында біз ҰИҚ қатысуымен 4 технологиялық орталықты құрамыз. Италиялық компаниямен бірлесіп химия саласындағы инжиниринг және құзырет орталықтары құрылады. Ал, "ҚазМұнайГаз" Бұрғылау институтын, "ҚазАтомПром" жоғары технологиялар институтын жасақтайды", - деді Ө. Шүкеев.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. ҚР-да "Самұрық-Қазына" ҰИҚ қатысуымен 4 технологиялық орталық құрылады, деп бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлім етті.

"Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында біз ҰИҚ қатысуымен 4 технологиялық орталықты құрамыз. Италиялық компаниямен бірлесіп химия саласындағы инжиниринг және құзырет орталықтары құрылады. Ал, "ҚазМұнайГаз" Бұрғылау институтын, "ҚазАтомПром" жоғары технологиялар институтын жасақтайды", - деді Ө. Шүкеев.

Сонымен қатар, оның айтуынша "Самұрық-Қазына" ҰИҚ Назарбаев университетімен бірлесіп "жасыл" экономиканың Болашақ энергиясы орталығын жасақтайды.

"Бұл орталықтар трансферт технологиясымен, өз зерттеулерімен және оны коммерциялаумен айналысатын болады", - деп Самұрық-Қазына" ҰИҚ Басқарма төрағасы түсіндіріп өтті.

Осы ретте, сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында электронды сатып алудың ақпараттық жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды.

"Электронды сатып алудың ақпараттық жүйесін енгізу арқылы 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобы 16 млрд. теңге немесе жоспарланған бағалардан 10% үнемдеді. Алдағы уақытта жылдық үнемдеуді 60-70 млрд. теңгеге дейін жеткізбекшіміз", - деп Ө.Шүкеев толықтырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны