14.03.2013, 14:42 3779

ҚР-да шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсуде

Бұл туралы бүгін ҚР статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов Қазақстанның 2013 жылдың ақпанына әлеуметтік-экономикалық даму қортындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Республикамызда ағымдағы жылдың ақпанында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,4% артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов Қазақстанның 2013 жылдың ақпанына әлеуметтік-экономикалық даму қортындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Республикамыздағы шағын кәсіпкерлік субъектілері 233 417 бірлікті құрап, 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,4%-ға артты", - деді И.Смайылов.

Сонымен қатар, ол заңды тұлғалардың жалпы саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,7%-ға артып, 321 617 бірлікке жеткенін атап өтті.

Айта кету керек, адам саны 50-ге жетпейтін субъектілер саны 302 020 бірлікті құрады. Жалпы алғанда еліміз бойынша шағын кәсіпорындар саны ағымдағы жылдың ақпанына жасалған мәлімет бойынша 161 276 бірлікті құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны