14.01.2014, 19:20 4937

ҚР-да төлем карточкаларын 13,4 млн қазақстандық қолданады - Ұлттық банк

2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 15,1 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны - 13,4 млн. адам болды.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда төлем карталарын қолданатын адам саны 13, 4 млн-ды құрайды, бұл туралы төлем карточкалары бойынша статистикалық баяндамада айтылған, - деп ҚР Ұлттық Банкінің ресми порталы хабарлады.

2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 15,1 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны - 13,4 млн. адам болды (2012 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда - тиісінше 25,8% және 22,9% өсу)[1].

2013 жылғы қарашасінда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 556,2 млрд. теңге болды (2012 жылғы қараша айымен салыстырғанда өсу 13,2%).

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 55,1% және 69,2%) және банкоматтар (тиісінше 29,6% және 20,8%) арқылы жасалды.

Төлем карточкаларымен жұмысты 24 банк пен "Қазпочта" АҚ жұмыс жасайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны