04.02.2015, 21:54 4109

ҚР-да зейнетақы төлемдерін және әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеуді ХҚКО-да және "электронды үкімет" порталы арқылы жүзеге асыруға болады - Т.Дүйсенова

Оған қоса, бір өтініммен екі мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі туады. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап азаматтар МСС бөліміне хабарласып, мүгедектігін анықтау қызметімен қатар, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдей алады.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Зейнетақы төлемдерін рәсімдеуді, әр түрлі әлеуметтік жәрдемақыларды қоса алғанда әлеуметтік саладағы бірқатар мемлекеттік қызмет көрсетулерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "электронды үкімет" порталында алуға болады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ отырысында "Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын таныстырған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министрлікте түсіндіріп өткендей, құжатта азаматтарға мемлекеттік және жергілікті органдарда немесе зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарда әлеуметтік-еӊбек саласындағы 36 мемлекеттік қызметтіӊ 16-сы бойынша өтінім беру және қызмет алу мүмкіндігін беруді, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО), "Электрондық үкімет" порталы арқылы, медициналық-санитариялық сараптама (МСС) бөлімдерінде қызмет көрсетуді қарастырады. Осылайша, ХҚКО көрсетілетін қызметтер саны - 27-ге, eGov.kz арқылы - 8-ге, МСС - 3-ке жетті, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

"Электронды үкімет" порталы арқылы 4 қызмет көрсету - жасына байланысты зейнетақы, жұмысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлем, бала күтуге әлеуметтік төлем бекітіледі. Сондай-ақ, ХҚКО-да 10 мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға болады, олар - мүгедектік бойынша жәрдемақыныӊ үш түрі, асыраушысынан айрылу және жасына байланысты, бірінші және екінші санат тізімдері бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы", - деді Т.Дүйсенова.

Ведомствоныӊ мәліметінше, мүгедектік, асыраушысынан айырылғанда, жұмыстан босағанда және жасына қарай берілетін базалық жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді қазіргі уақытта бұл төлемдерді 700 мыӊдай азамат алады. Азаматтардыӊ 20 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды шамамен 1 млн азамат, негізінен Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, көп балалы аналар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар алады.

Оған қоса, бір өтініммен екі мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі туады. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап азаматтар МСС бөліміне хабарласып, мүгедектігін анықтау қызметімен қатар, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдей алады.

"Осы заӊ жобасы аясында мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеӊілдетуге тырыстық. Яғни, бір ғана ұйымда емес, бірнеше ұйымдарда. Белгілі бір елді мекенде зейнетақы төлеу орталығы болмаса, ХҚКО немесе басқа да мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы", - деп түсіндірді министр.

Ал, мүмкіндігі шектеулі адамдар, Т.Дүйсенованыӊ айтуынша, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру мұндай азаматтарға бір өтініммен электронды түрде бірнеше әлеуметтік қызмет алуға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны