29.09.2015, 16:08 4219

ҚР-дағы Қытайдыӊ мұнай компаниялары жаӊа экономикалық шарт бойынша қызметкерлерді қысқартпаудыӊ қамын қарастырып жатыр

ҚР-дағы Қытайдыӊ мұнай компаниялары жаӊа экономикалық шарт бойынша қызметкерлерді қысқартпаудыӊ қамын қарастырып жатыр.Бұл жөнінде Х KAZENERGY Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрініӊ бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР-дағы Қытайдыӊ мұнай компаниялары жаӊа экономикалық шарт бойынша қызметкерлерді қысқартпаудыӊ қамын қарастырып жатыр.Бұл жөнінде Х KAZENERGY Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрініӊ бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Егер, алдағы уақытта мұнай бағасы арзандайтын жағдайға қатысты шаралар қабылдау туралы айтар бослам, біз бұл жөнінде Қытай компанияларымен тек бірлескен кәсіпорындарымыз бар жерде ғана талқылаймыз. Ал әрқайсысымыз бұл мәселе бойынша өз тәжірибемізді, өз білімімізді қолданамыз. Біз қытайлық әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істеп жатқан компанияларда шығындар айтарлықтай қысқарды. Ирине, бұл орайда капиталдық салымдарды да азайту қажет. Бұл кез-келген мұнай компаниясындағы қалыпты жағдай", - деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ұ.Қарабалин атап өкендей, "біздіӊ қалыптан тыс жасап жатқан басты әрекетіміз - министрліктер, үкімет секілді біз де Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес біздіӊ елімізде жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларын жұмысшыларды қысқартпауға шақырып жатырмыз".

"Еӊбекақыны төмендетпеу және жұмысшыларды қысқартпау үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бұл оӊай іс емес. Себебі, еӊбекақы қоры өзіндік құнда айтарлықтай үлеске ие. Бірақ, біздіӊ министрліктер мен үкіметтіӊ бұл тапсырмасы мен өтініші берік. Бүгінде бұл компанияларда қысқартулар жоқ", - деді Ұ.Қарабалин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны