29.06.2011, 16:15 4385

Кристин Лагард ХВҚ жаңа басшысы болып тағайындалды

Ресей қаржы министрі Алексей Кудрин де Мәскеудің француз өкілін қолдайтындығын жеткізді.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Басым дауыс жинаған Франция қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы болып сайланды. Лагард - Қордың басшысы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Infox.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып BNews.kz сайтының хабарлауынша, дауыс беру кезінде француздардың кандидатурасын қолдайтыны жөнінде АҚШ пен Ресей де мәлімдеген болатын. Осылайша, АҚШ қаржы министрі Тимоти Гейтнер Лагарт ханымның "өнері мен мол тәжірибесін ескеріп, "оның бұл қасиеттері жаһандық экономикадағы сындарлы сағатта ХВҚ басқаруына көмектесетініне" сенім білдірді.

Ресей қаржы министрі Алексей Кудрин де Мәскеудің француз өкілін қолдайтындығын жеткізді.

"Кристин Лагардтың ұсыныстары толдығымен Халықаралық валюталық қордың талаптарына сай келеді. Ол маңызды халықаралық ұйымның тамырына қан жүгіртіп, оның әрі қарай қайта жандануын, дәлірек айтқанда, дамушы нарық мемлекеттерінің мүддесін ескере отырып, квота жүйесін қайта қалыптастырады", - деді Кудрин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны