17.02.2014, 20:13 7473

ҚР-ның ішкі нарығында 2013 жылы импорт көлемі 40%-ға жуықтады - И.Смайылов

Сыртқы сауда айналымы Қазақстанда 2013 қаңтар-желтоқсан айларында 131384,3 млн. долл. құрап, 2012 қаңтар - желтоқсан айымен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанның ішкі нарығындағы импорт үлесі өткен жылы 37% құрады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен бирфингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов хабарлады.

"Біздің есебіміз бойынша өткен жылы ішкі нарықтағы импорт үлесі 37% құрады. Бағаның түзетілуіне байланысты бұл көресткіш ағымдағы жылы төмендетілетін болды. Азық-түлік өнімдері бойынша импорт көлемі 21%-ға жетті. Жалпы, бағамды түзету еліміздегі инфляциялық процестердің барлығына әсер етеді. Сонымен қатар, Үкімет пен жергілікті билік органдарының және Ұлттық банк басшыларының қабылдап жатқан іс-шараларының арқасында жыл қортындысы бойынша инфляция деңгейі 6-8% дәлізі аралығында болады", - деді И. Смайылов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Үкіметпен әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің шекті бағалары қабылданды. Жергілікті билік органдарына да тұрақтылық қорларының жұмысын жандандыру тапсырылды.

Сонымен қатар, жанар-жағармай бағасына қатаң бақылау орнатылды.

Экономика саясаты кеңесімен өткен жылдағыдай ТКҚ реттелетін қызметіне 1,2%-ға дейін шекті бағам енгізілді.

Агенттіктің мәліметі бойынша, негізгі капиталға инвестиция көлемі 2014 жылы 232,5 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 4%-ға асты.

Сыртқы сауда айналымы Қазақстанда 2013 қаңтар-желтоқсан айларында 131384,3 млн. долл. құрап, 2012 қаңтар - желтоқсан айымен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны