01.06.2012, 18:54 2310

ҚТЖ Астана - Алматы бағытындағы № 9/10 поездардың құрамын жаңартты

Ұлттық теміржол "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясы 1-маусымнан бастап N9/10 Астана-Алматы қатынасы бойынша жаңа құрам жүргізетін болады, де хабарлады компаниядан.

Астана. 1-маусым. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы 2012 жылдың 1-маусымынан бастап Астана - Алматы бағытындағы № 9/10 поездардың құрамын жаңартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық теміржол "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясы 1-маусымнан бастап N9/10 Астана-Алматы қатынасы бойынша жаңа құрам жүргізетін болады, де хабарлады компаниядан.

Тұтас алғанда "Крюков вагонқұрастырушы зауытының" (Украина) 38 жаңа вагоны жүргізілмек. Оның ішінде екі вагон мүгедектерді тасымалдауға арналған және 14 купе вагон бар. Вагондар жаңа қауіпсіздік жүйелерімен, ауа салқындатқыштармен, биодәретханалармен, тоңазытқыштармен жарақтандырылған, делінген хабарламада.

Вагондар жаңаланса да, билеттің құны қымбаттамайды, делінген ақпаратта.

Тұтас алғанда 2011-2012 жылдары "Жолаушылар тасымалдау" АҚ жаңа ресейлік және украиналық 76-дан аса вагон сатып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны