22.05.2018, 11:33 5261

ҚТЖ Қытай провинцияларымен контейнерлік тасымалды дамыту туралы келісімге қол қойды

Кездесу аясында Қытайдан Еуропа, Орталық Азия, Түркия және Парсы шығанағы елдері бағдарына контейнерлік тасымалды дамыту жайы келісілді.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Шаӊхайда Қытайдыӊ Чжэцзян (Иу), Хунань (Чанша), Цзянсу (Ляньюнган), Шэньси (Сиань), Сычуань (Чэнду), Хэнань (Чжэнчжоу) провинцияларыныӊ жәнеЧунцин қаласыныӊ логистикалық компаниялары өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

Сондай-ақ қытайдыӊ ғаламдық контейнерлік операторы - COSCO Shipping Lines басшылығымен кездесіп, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру болашағы туралы мәселені талқылады.

Кездесу аясында Қытайдан Еуропа, Орталық Азия, Түркия және Парсы шығанағы елдері бағдарына контейнерлік тасымалды дамыту жайы келісілді.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны -"KTZ Express" АҚ мен COSCO Shipping Lines арасында осы компанияныӊ контейнерлік паркін Қазақстан аумағы мен Орта Азия елдері, Транскаспий халықаралық көлік бағдарына пайдалану уағдаластығына қол жеткізілді.

"Біз Қазақстан арқылы тасымалдау көлемін арттыру туралы серіктестікке мүдделіміз. Оған шекаралық және тиісті инфрақұрылымдық нысандарымыз да қолайлы",-дейді қазақстандық делегацияныӊ басшысы Қ. Алпысбаев.

Келіссөздер соӊында тиісті Келісімдерге қол қойылды.

Бұған дейін де "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Қытай темір жолымен екіжақты келісімге келіп, серіктестікті одан әрі дамытуға тыӊ жол ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны