10.02.2012, 13:59 4202

ҚТЖ Ресей темір жолының еншілес компанияларының акцияларын сатып алуға ниетті

"Біз РТЖ жүргізіп отырған жекешелендіруге қызығушылық танытып отырмыз. Біздің белгілі деңгейде атқарған жұмыс көлеміміз бар, қазір сол компаниялардың мүмкіндіктерін зерттеп жатырмыз. Оны толық бағалау қажет. Компания тасымалдау саласындағы РТЖ акциялары мен еншілес компанияларын сатып алуды жоспарлап отыр. Тасымалдау саласында РФ өте көп компанияларға ие. Олардың арасында инвесторлар да бар, бәрін сатып алу арқылы шешу міндетті емес әрине, заманауи кәсіпорындар құруға да болады. Бұл әлдеқайда тиімді", - деді Е.Қизатов.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Темір Жолы" ҰК АҚ Ресей темір жолының еншілес компанияларының акцияларын сатып алуға ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ТрансКонтейнер" ААҚ басшылығымен кездесу барысында ҚТЖ вице-президенті Ермек Қизатов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Біз РТЖ жүргізіп отырған жекешелендіруге қызығушылық танытып отырмыз. Біздің белгілі деңгейде атқарған жұмыс көлеміміз бар, қазір сол компаниялардың мүмкіндіктерін зерттеп жатырмыз. Оны толық бағалау қажет. Компания тасымалдау саласындағы РТЖ акциялары мен еншілес компанияларын сатып алуды жоспарлап отыр. Тасымалдау саласында РФ өте көп компанияларға ие. Олардың арасында инвесторлар да бар, бәрін сатып алу арқылы шешу міндетті емес әрине, заманауи кәсіпорындар құруға да болады. Бұл әлдеқайда тиімді", - деді Е.Қизатов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны