11.01.2008, 17:45 3113

Қуат көздері құнының көтерілуі еліміздегі инфляцияның өсуіне ықпалын тигізген негізгі фактор емес

Қуат көздері құнының көтерілуі еліміздегі инфляцияның өсуіне ықпалын тигізген негізгі фактор емес

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Инвестициялық қор басқармасының төрағасы Зейнулла Кәкімжановтың пікірінше, инфляцияның көтерілуіне қуат көздері құнының өсуі ғана басты себеп емес, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тұтыну бағаларының өсу индексіне тек қуат көздері ғана әсер етеді деген пікір- жаңсақ. Инфляция - көп қырлы құбылыс болғандықтан, ол экономика құрылымын, тұрғындардың тұтыну құрылымын, төлем балансының қарқындылығын және тағы да басқа салалардағы өзгерістерді қамтиды. Қуат көздері құнының өсуі - белгілі бір құрылым, бірақ ол еліміздегі инфляцияның өсуіне ықпалын тигізген негізгі фактор емес", - деп мәлімдеді ол "Бизнес и власть" апталық газетіне берген сұхбатында.

З. Кәкімжановтың пікірінше, мемлекетке құйылып жатқан мұнай доллары жөнінде әңгіме көтерер болсақ, онда "соңғы үш жылда өндіріс шығындарының көлемін есептеу керек". "Бұл барлық компанияларда болған жағдай, оның қатарында мұнай компаниялары да бар. Яғни, олардың таза табысы баррель кұнының өсуіне парапар келмейді ", - деп түсіндірді ол.

Инвестициялық қор басқармасы төрағасы атап өткеніндей, мұнай компанияларына салынатын салық салу тәртібін ескеру керек. Ол айтқанындай, қазір түрлі-түсті металдар бағасының тұрақтануы байқалады, бәлкім, басқа ресурстардың құны да төмендеуі де мүмкін.

"Аспаннан алтын жауады деп армандау қисынға келмейді", - деді З. Кәкімжанов.

Дегенмен ол, "қара алтын бағасының өсуі ақша массасының ұлғаюына апарып соғады", деп атап өтті. "Алайда, қаржы жүйесіндегі ақша тапшылығы және несиелендіру мөлшерінің азаюына байланысты кері факторлардың бар екені белгілі", - деді инвестициялық басқармасының төрағасы.

Оның пікірінше, "банктердің несиелендіру қарқынының төмендеу ағымы экономикалық процестерге айрықша әсерін тигізеді". "Сондықтан, ақша массасының өсу қарқыны одан әрі төмендейді, мүмкін тіпті оның көлемі тұрақтанады десек дұрысырақ болады", - деп қорытындалы өзінің ойын З. Кәкімжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны