28.11.2012, 17:33 3052

ҚҰб ҚҚК "Евразия банкі" АҚ (Қазақстан) KZP04Y07D253 облигациялар шығарылымын тіркеді

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Евразия банкі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 20 қарашасындағы "Евразия банкі" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясындағы екінші шығарылымның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесін ұсынды.

Алматы. 28-қараша. Kazakhstan Today - ҚҰб ҚҚК "Евразия банкі" АҚ (Қазақстан) KZP04Y07D253 облигациялар шығарылымын тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Евразия банкі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 20 қарашасындағы "Евразия банкі" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясындағы екінші шығарылымның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесін ұсынды.

ҚҰБ ҚҚК куәлігіне сәйкес, "Евразия банкі" АҚ облигациялық бағдарламасы шығарылымының көлемі қағаздың номиналды құны 100 теңге болғанда, 10 000 000 000 теңгені құрайды. Шығарылым KZP04Y07D253 ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген қамтамасыз етілмеген 10 000 000 купондық облигацияға бөлінген. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне D25-4 нөмірімен енгізілді, деп хабарланды Қазақстанның қор биржасының сайтында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны