23.04.2010, 12:38 6065

Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық көзделген міндеттерді толық шешуге бағытталмаған - Есеп комитеті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық көзделген міндеттерді толық шешуге бағытталмаған - Есеп комитеті

Астана. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Есеп комитеті Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу тиімділігі төмен дәрежеде екендігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық көзделген міндеттерді толық шешуге бағытталмағаны бақылау барысында анықталды. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жоспардың көптеген іс-шаралары қағаз жүзінде қалып қойды. Есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекеттің тиімді жүйесін арттыру жөніндегі іс-шаралар қамтылмаған.

"Ішкі істер министрлігі бағдарламаның координаторы бола тұрып, оны орындаудың тиімді тетігін құруды қамтамасыз етпеген, бағдарламаның шараларын іске асыруға жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржының мөлшері, олардын қалай игеріліп жатқаны, қол жеткен нәтижелер жөнінде нақты ақпарат қолында болмаған. Бағдарламаның іске асырылу барысына мониторингі ұйымдастырылмаған. Мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарын жетілдіруге қажетті іс-шаралар жеткілікті деңгейде атқарылмаған",- делінген хабарламада.

Есеп комитетінің хабарлауынша, "Ішкі істер органдарының жұмысын бағалау өлшемдерін қалыптастырмаған. Жергілікті атқарушы органдардың барлығы бірдей құқық бұзушылыққа бейім балалармен жұмыс жүргізу үшін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді, маскүнемдікке, нашақорлық пен уытқорлыққа душар болған адамдарды емдеуге арналған мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерін құру, сондай-ақ оңалту ұйымдарының желісін кеңейту жөнінде қажетті шараларды қабылдамаған. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру, оңалту және әлеуметтік бейімдеу туралы шаралар жеткілікті дәрежеде іске асырылмаған".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жетілдіру мәселелері тиісті дәрежеде шешілмеген. Учаскелік полиция қызметкерлерінің материалдық-техникалық қамтылуы төмен деңгейде. Мәселен, (2009 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша) бағдарламаны іске асыру нәтижесінде учаскелік инспекторлардың тек 54,7% - қызметтік үй-жайлармен, 60,7% - радиобайланыспен, 28,7% - қызметтік автокөлікпен, 50,5% ғана қызметтік телефонмен қамтамасыз етілген. Илеуметтік-тұрмыстық проблемалар жеткілікті дәрежеде шешілмеген. Қызметтік үймен 4270 учаскелік полиция инспекторы немесе олардың жалпы санының 59,2%, пәтер телефонымен - 3299 немесе 45,8% ғана қамтамасыз етілген".

Есеп комитеті Үкіметке құқық бұзушылықтық алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жүесін одан әрі жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылдауға ұсыныс берді.

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны