11.12.2015, 15:30 3984

Күмістен жасалған ескерткіш 4 монетаны және нейзильбер қоспасынан жасалған 2 монетаны айналысқа шығару туралы

Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. "Рroof" сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасыныӊ № 2155 Заӊына сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 11 желтоқсанда "Қазақстанныӊ Қызыл кітабы" монеталар сериясынан номиналы 500 теӊгелік, "рroоf" сапалы күмістен және номиналы 50 теӊгелік нейзильбер қоспасынан "Үстірт муфлоны" ескерткіш монеталарын; "Қазақстанныӊ әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" монеталар сериясынан номиналы 500 теӊгелік, "рroоf" сапалы күмістен және номиналы 50 теӊгелік нейзильбер қоспасынан "Бата" ескерткіш монеталарын; "Монета-сыйлық" монеталар сериясынан номиналы 100 теӊгелік, "рroоf" сапалы күмістен "Жаӊа жылдарыӊызбен" ескерткіш монеталарын және "Республика игілігі" монеталар сериясынан номиналы 500 теӊгелік, "рroоf" сапалы күмістен "Тазы" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үстірт муфлоны - Азия муфлоныныӊ түр тармағы. Бұл ұзын сирақты, жабайы дала қошқары. Қазақстанды еӊ ірі түр тармағы - үстірт муфлоны мекендейді, ол республиканыӊ батысындағы аттас үстіртте ғана емес, оныӊ жартасты құздарын, сондай-ақ Маӊғыстау түбегініӊ қыраттары мен ойпаттарын мекен етеді. Муфлон өте жылдам қозғалады, шөл даладағы мардымсыз өсімдіктермен қоректенеді, тұщы, сол сияқты ащы әрі тұзды суды ішеді.

Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. "Рroof" сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) Жердіӊ барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасыныӊ адамныӊ аялы алақанындағы стильдендірілген бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі орналасқан. Сондай-ақ онда монеталардыӊ номиналын білдіретін жазулар күміс монетада "500 ТЕӉГЕ", нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "50 ТЕӉГЕ" орналасқан; монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазу (күміс монетада) бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазулар бар.

Монеталардыӊ сырт жағында (реверсінде) жартасты таулардыӊ аясында үстірт муфлоны бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҮСТІРТ МУФЛОНЫ", латын тілінде "OVIS ORIENTALIS ARCAL" - түрдіӊ зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан бар.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген, айналдыра шығыӊқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар:

- 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 3 мыӊ дана;

- "нейзильбер" қоспасынан жасалған, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мыӊ дана.

"Бата" (ауызша бата беру) - ұзақ сапарға аттанар алдында, өмір жолына тілейтін қасиетті рухани тілек, сыйлағаны, қонақжайлығы, игі қызметі үшін алғыс айту. Бұл поэтикалық шығармашылықтыӊ ерекше түрі, бата берген кезде Алла тағаладан шапағат сұрайды. Батаны әдетте жасы үлкен, елге сыйлы ақсақалдар береді. "Бата" ескерткіш монеталары қазақ халқыныӊ әдет-ғұрыптары мен ұлттық мәдениетін кеӊірек түсінуге арналған серияны жалғастыратын күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардыӊ оныншы жұбы болып табылады.

Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. "Рroof" сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін сан күміс монетада "500", нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "50" және "ТЕӉГЕ" деген жазу бар. Сол және оӊ жақ бөліктерінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деӊгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар.

Монеталардыӊ сырт жағында (реверсінде) ұлттық әдет-ғұрып - батаныӊ бір сәті бейнеленген. Монеталардыӊ төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде "БАТА" деген жазу, оӊ бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі және соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан бар. Сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазу (күміс монетада) бейнеленген.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген, айналдыра шығыӊқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар:

- 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 3 мыӊ дана;

- нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мыӊ дана.

"Жаӊа жылдарыӊызбен" монетасы "Монета-сыйлық" монеталар сериясынан екінші монета болып табылады. Монета реверсіне тампографиялық таӊбаны қолдана отырып дайындалған.

Монетаныӊ пішіні тік бұрышты.

Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) сүргіш таӊбасыныӊ қоршауындағы стильдендірілген гүл бейнеленген, оныӊ үстінде айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар. Гүлдіӊ ортасында Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы орналасқан. Оӊ жағында өрнектелген розетка, екі жолға орналастырылған және монетаныӊ номиналын білдіретін "100 ТЕӉГЕ" деген жазба, соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан және монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазу бар.

Монеталардыӊ реверсінде қысқы қар ұшқындарыныӊ және мемлекеттік тілдегі "ЖАӉА ЖЫЛДАРЫӉЫЗБЕН!", орыс тіліндегі "С НОВЫМ ГОДОМ!" және ағылшын тіліндегі "HAPPY NEW YEAR!" жазбаларыныӊ аясында түрлі түсті шырша шарлары түріндегі композиция бейнеленген.

Монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыӊқы жиек.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, тік бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 4 мыӊ дана.

Тазы - аӊға шығатын асыл тұқымды ит. Идеттегі түсі - ашық сары, арқалығы және құлақ ұшы қара қылшықты, алайда басқа түстері де кездеседі. Тазылар шапшаӊ әрі ұзақ жүгіруге қабілетті. Тазылар аӊға өз бетінше, сол сияқты аӊ аулауға бейім құстармен бірге шыға алады - осы қасиеті үшін де бағаланады. Тазыны негізінен түлкі, қоян және қасқыр аулауға салады. Оныӊ шығу тегі ерте заманнан бері бастау алады. Сыртқы түрі бойынша тазы салюка тұқымына (парсы иті, байырғы тұқымдардыӊ бірі) ұқсас.

Монетаныӊ пішіні тік бұрышты.

Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) ою-өрнек аясында "500 ТЕӉГЕ" номиналы және мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тіліндегі "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазудыӊ қоршауында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі орналастырылған.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) тау аясында тазы тұқымдас үш иттіӊ алтындатылған бейнесі орналасқан. Монетаныӊ жоғары бөлігінде "ТАЗЫ" деген жазу, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан және монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31.1 g" деген жазу бар.

Монетаныӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Монетаны айналдыра шығыӊқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, тік бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 4 мыӊ дана.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны