26.12.2006, 15:29 4024

Күмістің әлемдік нарықтағы бағасы төмендей бастады

АЛМАТЫ. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Күмістің әлемдік нарықтағы бағасы желтоқсан айының екінші жартысында төмендей бастады. Күмістің Лондондық фиксингі қараша айында орта есеппен 12,93 АҚШ долларын, желтоқсан айының өткен күндерінде орта есеппен 13,45 АҚШ долларын құраған, ал 22-желтоқсан күні Лондон нарығындағы күміс бойынша кешкі фиксинг 12,50 АҚШ долларына дейін түсіп кетті.

Естеріңізге сала кетейік, күмістің 2006 жылдың қаңтар айындағы орташа бағасы 9,15 АҚШ долларын құраған болатын, яғни бір жыл ішінде әлемдік баға бір жарым есеге өскен. Күмістің Лондон нарығындағы 2006 жылғы бағасы орташа есеппен 11,52 АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны