08.08.2016, 15:45 4419

Күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станция салынады

Созақ ауданында күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салынады

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Созақ ауданында күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл жобаныӊ іске асырылуына германиялық "GreenEnergy 3000 Holding" ниет білдіріп отыр. Теріскейге күн қуатымен электр энергиясын өндіретін станиция соғуға байланысты германиялық холдинг пен аудан әкімдігініӊ арасында келіссөздер бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Станция соғу туралы келісім аталған аталған холдингктіӊ Қазақстандағы өкілі Ақылбек Саматұлы мен аудан әкімі Мақсат Исаевтыӊ екеуара кездесу барысынан кейін белгілі болды. Қазіргі таӊда Германиялық холдинг, "GreenEnergy 3000 Holding" қарасты Созақ ауданы "ЮКСЭС-50" ЖШС филиалы жобасыныӊ құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Қажетті құжаттарды әзірлесе, станияныӊ құрылыс жұмыстары осы жылдыӊ қараша айында басталып, 200-ге тарта жұмысшы тартылады. Келер жылы толық қуатымен жүзеге асатын жобада 50 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Айта кетуіміз керек, 50 МВт электр энергиясын өндіретін жобаныӊ тұтынушысы "KEGOC" АҚ болады.

Созақ аудан әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны