01.06.2011, 14:02 3593

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі мамыр айында 15 938 теңгені құрады

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда мамыр айында ең төменгі күнкөріс мөлшері 0,8%-ға өскен.

Астана. 1 - мамыр. Kazakhstan Today - Күнкөрістің ең төменгі деңгейі мамыр айында 15 938 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда мамыр айында ең төменгі күнкөріс мөлшері 0,8%-ға өскен.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,8%, 2010 жылғы мамырмен - 21,9%-ға өсті.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,8%, жемістер мен көкөністерді - 13,4%, нан және жарма өнімдерін - 8,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,8%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны