18.07.2011, 17:55 3156

Құрылыс индустриясы мен ағаш өңдеу өнеркәсібіне 283 млрд теңге инвестиция бөлу жоспарлануда

Құрылыс индустриясы мен ағаш өңдеу өнеркәсібінде индустрияландыру картасының 95 жобасы жүзеге асырылады. Аталмыш жобалар аясында құрылыс кезеңінде 6 897 жұмыс орны құрылса, қызметке кіріскеннен кейін 10 816 адам жұмыспен қамтылатын болады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында құрылыс индустриясы мен ағаш өңдеу өнеркәсібіне 283 млрд теңге инвестиция бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құрылыс индустриясы мен ағаш өңдеу өнеркәсібінде индустрияландыру картасының 95 жобасы жүзеге асырылады. Аталмыш жобалар аясында құрылыс кезеңінде 6 897 жұмыс орны құрылса, қызметке кіріскеннен кейін 10 816 адам жұмыспен қамтылатын болады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Атап өтерлік тағы бір жайт, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барлық кезеңінде осы салаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 283 229 млн теңгені құрамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны