25.01.2010, 16:11 2982

Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Қазақстанда 2011 жылы баспана бағасы қымбаттайды деп болжайды

Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Қазақстанда 2011 жылы баспана бағасы қымбаттайды деп болжайды

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Қазақстанда 2011 жылы баспана бағасы қымбаттайды деп болжайды. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен үкіметтік сағаттан кейін журналистер сауалына берген жауабында ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік Нокин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Тұрғын үй бағасының қымбаттау мүмкіндігін С. Нокин қазір пайла болған баспана тапшылығымен түсіндіреді. "Бүгінгі күні жаңа құрылыс жүргізілмей отырғандықтан, 2011 жылы 4,7 млн шаршы метр пайдалануға берілсе, баспана тапшылығы 1,5 млн шаршы метрді құрайды деген бізде қауіп бар", - деді С. Нокин.

""Тұрғынүй құрылысжинақбанкінің" мәліметінше, 2011 жылы Қазақстанда бар-жоғы 38 мың адам ғана баспана сатып алу мүмкіндігіне ие болады, ал басқа мәліметтерге сенсек, ондай адамдар 15 мың болмақ. Бұл баспана бағасының қымбаттауына алып келуі мүмкін, сол себепті біз алдан-ала болжам жасап, осы 1,5 млн шаршы метр көлемдегі тапшылықты болдырмауға шара қолдануға тиіспіз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны