05.09.2016, 15:52 3572

Квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды Еуразиялық Электрондық Порталдан бақылауға болады

Аталмыш портал Қазақстан 2050 Стратегиясына сәйкес және 2015-2017 жылдарға арналған квазимемлекеттік секторды дамыту жоспарына сәйкес әзірленді.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Квазимемлекеттік сектор сатып алуыныӊ ашықтығын ЕЭП сайтында бақылауға болады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да "MITWORK" ЖШС бас директорыныӊ орынбасары Салтанат Құдабаева.

"Еуразиялық Электрондық Портал - қағазсыз сатып-алу рәсімдерініӊ ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін азаматтарға, кәсіпкерлік субъектілеріне, ұлттық холдингтер мен басқарушы компанияларына тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді электрондық сатып-алудыӊ сервистеріне бірыӊғай кіру нүктесін беретін ақпараттық системасы. ЕЭП Қатысушысы - Порталда қызмет/жұмыс/тауарды сатып алу, сату бойынша заӊды/жеке тұлғаныӊ мүдделеріӊ өкілдік ету өкілеттігіне ие және ұйым атынан әрекет ететін, электрондық сатып-алуға қатысу үшін ЕЭП-та орныққан тәртіпте тіркелген заӊды тұлғалардыӊ уақытша бірлестігі, жеке және/немесе заӊды тұлғаныӊ өкілетті өкілі", - деді С.Құдабаева.

Оныӊ айтуынша, порталдыӊ тапсырушылары "Бәйтерек" Холдингі мен еншілес ұйымдары, Қазақстанныӊ даму банкі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, екінші дәрежелі банктер мен коммерциялық және квазимемлекеттік сектор болып табылады.

"Аталмыш портал Қазақстан 2050 Стратегиясына сәйкес және 2015-2017 жылдарға арналған квазимемлекеттік секторды дамыту жоспарына сәйкес әзірленді", - деді ол.

Ол айтып өткендей, 2016 жылдыӊ 1 қыркүйегіне сәйкес, порталда 50 млрд теӊгеге 4 500 сатып алу жүргізілді, 100 млрд теӊгеге сатып алу жүргізу көзделген, 7 мыӊ жеткізуші тіркелген.

Компанияныӊ мәліметі бойынша, жүргізілген сатылымдар 15 млрд теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны