16.07.2019, 11:55 10330

"KZ-CERT" Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ресми интернет-ресурсына ұқсас фишингтік интернет-ресурсты айқындады

Homebank.kz-те клон-алаяқ пайда болды

Нұр-Сұлтан. 16 шілде. Kazakhstan Today -"KZ-CERT" Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ресми интернет-ресурсына ұқсас фишингтік интернет-ресурсты айқындады.

"KZ-CERT" Қызметіне homebank.kz ресми интернет-ресурсты қайталайтын, homeYbank.com. домен атымен жасырынып, күдікті интернет-ресурс туралы өтініш келіп түсіп.

Мамандар осы интернет-ресурсқа тыңғылықты талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша фишингтік нысандардың болуы тіркелді.

Бұл ресурс homebank.kz-ті дәл көшірді, карта ұстаушыларға авторизациялау үшін мыналарды енгізу қажет болды: сенімді телефон нөмірін| Homebank идентификаторы | my Halyk логині және құпиясөз.

Мобильді нөмір арқылы авторизациялау кезінде, пайдаланушы loading.php парақшасына барғанын байқамай, осыдан кейін зиянкестердің ойы бойынша ұялы нөмірге алынған sms-код енгізу керек болады.

Аталған интернет-ресурс "KZ-CERT" Қызметімен "Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс/фишинг" деп сыныпталды.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, барлық Қазақстандықтарды домендік атауға (іздеу жолында енгізілетін) назар аударуға шақырамыз және осындай күдікті интернет-ресурс табылған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына: http://www.kz-cert.kz/ru/form сілтеме бойынша өтінім жіберуді, сондай-ақ электрондық мекенжайға: [email protected] хат жіберуді сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны