15.01.2010, 16:28 4616

Латын Америкасының жаңа валютасы - сукренің құны 1,25 доллар болмақ

Латын Америкасының жаңа валютасы - сукренің құны 1,25 доллар болмақ

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - 15 января. Kazakhstan Today - "Біздің Америка халықтары үшін Боливариандық балама" атты альянсқа (ALBA) біріккен елдер өзара есеп айырысатын шартты ақша бірлігі - сукренің құны 1,25 доллар болмақ , деп хабарлайды Kazakhstan Today NEWSru порталына сілтеме жасап.

"Осы аптада Венесуэла президенті Уго Чавес үкіметі өзара есеп айырысуда сукре (sucre) атты ақша бірлігін пайдалана бастауға мүмкіндік беретін арнаулы заңды жария етті. Венесуэланың экономика және қаржы министрі Али Родригес Аракенің хабарлауынша, өзара есеп айырысуда сукре осы аптада алғаш рет Венесуэладан Кубаға күріш жеткізілімі кезінде пайдаланыла бастайды. Боливия тарапынан венесуэлалық асфальт цементін сатып алуда да сукре қолданылмақ", - деп хабарлайды NEWSru.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Американың бірқатар елдері, атап айтсақ, "Біздің Америка халықтары үшін Боливариандық балама" атты альянсқа (ALBA) біріккен елдер қаңтардан бастап өзара есеп айырысуда сукре (sucre) атты ақша бірлігін пайдалана бастайды. Бұл туралы Боливариандық балама альянсы саммитінің ашылуында Кубаның Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Рауль Кастро мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

ALBA саяси-экономикалық блогына Боливия, Венесуэла, Гондурас, Куба, Никарагуа, Эквадор, Кариб бассейніндегі арал- мемлекеттер - Антигуа және Барбуда, Сент-Винсент және Гренадины, және Доминикан Достастығы кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны