04.12.2012, 18:57 3158

"ЛОГИКОМ" акциялары биржада листинг процедурасынан өтті

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашасындағы шешімімен "ЛОГИКОМ" АҚ KZ1C48640011 (KZ1C00000892, LOGC) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Алматы. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ЛОГИКОМ" АҚ KZ1C48640011 (KZ1C00000892, LOGC) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашасындағы шешімімен "ЛОГИКОМ" АҚ KZ1C48640011 (KZ1C00000892, LOGC) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.

KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы 2010 жылдың 20 шілдесіндегі куәлігіне сәйкес "Логиком" АҚ жарияланған акцияларын шығару 3 815 240 жай акцияға бөлініп, KZ1C48640011 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым А4864 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

"ЛОГИКОМ" АҚ акцияларын ұстаушылардың тізбесі жүйесінің көшірмесіне сәйкес 2012 жылдың 24 қазанында 2 099 263 жай акциялар орналасқан.

"ЛОГИКОМ" АҚ қаржылық кеңесшісі "Seven Rivers Capital" АҚ ("Севен Риверс Капитал") (Алматы). болып табылады.

"ЛОГИКОМ" АҚ акцияларын ұстаушылар тізбесі жүйесін жүргізуді "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы) жүргізеді.

Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) LOGC S.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны