26.06.2007, 14:33 2976

Лондон металл биржасында қалайының құны бір тоннасына $14 000 дейін азайды

АЛМАТЫ. 26 -маусым. Kazakhstan Today. Илемдік нарықта қалайының құны төмендей бастады. Лондон металл биржасында мамыр айында қалайының орташа құны бір тоннасына $14 147, маусымның өткен күндерінде - $14 120 болса, ал 25 маусымда сауда-саттық $14 000 деңгейінде тоқтатылды.

Биржадағы бағаның арзандауына қоймадағы металл қорының ұлғаюы себеп болған. Мәселен, Лондон металл биржасында бақыланатын қалайы қоры өткен айда 8,3-тен 11,8 мың тоннаға дейін артты. Соңғы рет баға Балтимордағы қоймаға 1620 тонна қалайы жеткізілген соң бірден арзандай бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны