25.01.2021, 18:40 9415

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,00% болады.
Нұр-Сұлтан. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті пайыздық дәлізді +/–1,0 п.т. сақтай отырып базалық мөлшерлемені жылдық 9,00% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,00% болады", - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

 
Ведомствода түсіндіргендей, шешім инфляцияны орта мерзімді кезеңде 4–6%-дық нысаналы дәлізге қайтару мақсатында қабылданып, тәуекелдер теңгерімінің проинфляциялық факторлар жағына қарай ығысуымен негізделді.
 

Сыртқы және ішкі инфляциялық қысым ұлғайды, азық-түлік бағасының одан әрі көтерілу тәуекелі артты, инфляциялық күтулердің жоғарылауы байқалады. Сонымен қатар елде және әлемде коронавирустық инфекцияға байланысты белгісіздік сақталуда", - деді баспасөз қызметі.

 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2021 жылғы 9 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 15:00-де жарияланады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны