05.12.2022, 14:19 9156
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да жылдық 16,75%-ға дейін көтерді
Достарға айту
Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді
Астана. 5 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.
Ұлттық Банкте бұл шешімге геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болғаны түсіндірілді.
Бұл ретте ақпаратта Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындағаны атап өтіледі.
Оның қазіргі деңгейі жеткілікті жоғары деп бағаланады. Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту ықтималдығы төмен деп бағаланады", - деп атап өтілген ақпаратта.
Сыртқы жағдайлар тарапынан монетарлық талаптарды жаппай күшету салдарынан бәсеңдеген әлемдік сұраныс нәтижесінде орта мерзімді кезеңде сыртқы ортаның проинфляциялық факторлары жеңілдейді деп болжанады. Астықтың бітік шығуы инфляцияға қысымның біртіндеп төмендеуіне қосымша фактор болады. Жалпы алғанда азық-түлік бағасының деңгейі жоғары болып сақталады. Украинадағы әскери қақтығыс - тәуекел факторы болады.
Көрсетілген факторлар ескеріле отырып, инфляцияның болжамы қайта қаралды. Базалық сценарийде биыл болжам бойынша жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасады. Бағалау бойынша инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың 1-тоқсанында болады деп болжанады.
2024 жылы ішкі сұраныстың өсуі және күтудің мейілінше баяу төмендеуінен инфляция 7-9% шегінде болжанады.
Инфляцияның осы траекториясы инфляциялық жағдайдың жеңілдеуіне қарай және дәнді дақылдардың бағасы тұрақталған cоң инфляциялық күтулер төмендеп, тарихи орташа деңгейде болатын жағдайда күтіледі. Бұл инфляцияның бұдан кейін нысаналы бағдарға жетуіне мүмкіндік береді", - деді Ұлттық Банкте.
Биылғы жылы ЖІӨ-нің өсуі 2-3% шегінде қалыптасып, кейіннен 2023 жылы 3-4%-ға дейін жылдамдайды.
Бұл бұрын болжанған сыртқы сұраныстың әлсіреуіне, мұнай өндірудің біршама қалыпты болуына және кейде Қазақстан экспортын әлемдік нарықтарға жеткізуде туындайтын проблемаларға байланысты. Бұдан кейін ЖІӨ-нің өсуінің әлеуетті мәнге жуық тұрақталатыны болжанады. Мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты экспорттың өсуі, сондай-ақ үй шаруашылықтары тарапынан сұраныс қалыпты болған кезде инвестициялардың ұлғаюы негізгі қозғаушы күш болады", - делінген ақпаратта.
ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 13 қаңтарда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 16%-ға дейін көтерді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.01.2023, 12:18 15031
Қазақстанда қант қызылшасын өсіруге субсидиялар ұлғайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қант қызылшасын өндіруді субсидиялау нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылады
Астана. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда АӨК-ті мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралды. Арнайы жұмыс тобы 9 отырыс өткізді, олардың қорытындысы бойынша қолданыстағы қағидалардың негізгі контурларын сақтай отырып, субсидиялаудың жаңа жүйесі әзірленді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өсімдік шаруашылығындағы бағыттар мен нормативтер сақталды. Қант қызылшасын өсірудің тартымдылығын арттыру үшін оны өндіруді субсидиялау нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылады", - деді ведомствода.
Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Шошқаның басы үшін өтеу нормативі құнының 50% құрайды, бірақ бұрын қолданыста болған 140 мың теңгенің орнына бір бас үшін 100 мың теңгеден аспайды.
Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс саласында жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау ғана жойылады.
Тауар-спецификалық субсидиялар өзгеріссіз қалады. Алайда келесілер күшін жояды:
- күркетауық еті мен суда жүзетін құстар субсидиялау, өйткені олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатпайды;
- меншікті аналық басы жоқ кооперативтерге дистрибьюторлық орталықтар көрсеткен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді субсидиялау;
- асыл тұқымды мал импорты кезінде екінші деңгейлі банктегі қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар аудару.
Жұмыртқа шаруашылығы бойынша норматив бір жұмыртқа үшін 3 теңге болып қалады. Бұл ретте 1-санаттағы жұмыртқаларды сатудың шекті бағалары әкімдіктермен жасалған меморандумдар негізінде белгіленеді.
Бұқашықтар мен тоқтыларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Алайда, малды өздерінің бордақылау алаңдарына көшіретін шаруашылықтар үшін орын ауыстыру нормасы жойылады. Жемшөпті субсидиялау бойынша субсидияларды алудың нормативтері мен критерийлері ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Терең өңделген өнімдерді өндіру үшін сатып алынған шикізат құнын субсидиялауда глютен және биоэтанол өндіру үшін бидай құнын субсидиялау жойылды, өйткені бұл тауарлардың әлеуметтік маңызы жоқ.
Осы ретте субсидиялар өндірілген тауарлар үшін емес, дайын өнімді өткізу фактісі бойынша төленетін болады, бұл субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі электрондық шот-фактуралармен расталатын болады. Өзгерістер қаржыландыруды бөлудің барынша ашық, әділ және адал тәртібін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті министрлікте.
Инвестициялық субсидиялаудың барлық түрлері мен бағыттары жүйеленген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау облыстық Құрылыс және сәулет басқармаларының қызметкерлерін салынған объектілерді қарау жөніндегі мамандар тобына қосу туралы міндетті талаппен сақталады.
Бұл ретте еріген суларды жинауға арналған жасанды су айдындарын салу үшін вагондардың құнын субсидиялау жойылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейіне және әкімшілендірудің күрделілігіне байланысты "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ еншілес және тәуелді компаниялары мен екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, аванстық түрде инвестициялық субсидиялар алу мүмкіндігі алынып тасталады. Жайылымдарды суландыру үшін ұңғымалар мен құдықтар қазу кезінде бұрғылау жөніндегі материалдар мен қызметтердің құны ғана субсидияланатын болады. Бұл ретте жабдықтың құнын субсидиялау жойылады, өйткені оның нарықтық құны өндіруші елге байланысты ондаған есе өзгеріп тұрады. Ал қызмет көрсетушілер арзан жабдықты жеткізу арқылы бюджет қаражатын заңсыз игеріп келген", - деп нақтылады АШМ.
Отандық машина жасауды дамыту үшін Қазақстанда локализациясы жоқ импорттық техниканың құнын субсидиялау нормативі 25% деңгейінде белгіленді, ал локализациясы барлар 15%-ға дейін төмендетілді.
Арнайы тұқым өсіру техникасын субсидиялау нормативтері 80%-ға дейін, қызылша және суару техникасын субсидиялау нормативтері 50%-ға дейін көтеріледі.
Бұдан басқа, субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Өндірілген өнімді өткізу әкімдіктермен нарықтық бағалар бойынша жасалған меморандумдарға сәйкес (3000 АЕК-ке тең немесе одан асатын сомаға субсидия алған АӨК субъектілері үшін) СИМ-нің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылы кемінде 18 мың га қант қызылшасы егілетін болады. Өткен жылы елдің азық-түлік нарығында қант тапшылығы және оның бағасының айтарлықтай өсуі байқалды. "Қант" дүрбелеңі басталды, нәтижесінде супермаркеттер қант сатуды бір адамға 5 келіге дейін шектеуге мәжбүр болды. Қазақстанда қант бағасы бір жылда 61%-ға өсті.
Бұған дейін Қазақстанда жемқорлық тәуекелінің жоғары болуына байланысты ауыл шаруашылығына берілетін он шақты субсидия алынып тасталатыны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2023, 08:39 15506
Қазақстан Иранмен сауданы ұлғайтуға дайын
Қазақстан Иран нарығына қосымша 75 тауар позициясын жеткізуге дайын
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджад аграрлық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметіні баспасөз қызметі.
Премьер-Министр 2022 жылғы қаңтар-қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20%-дан астамға өсіп, $500 млн құрағанын атап өтті. Сонымен қатар өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Иран нарығына жалпы құны шамамен $250 млн болатын қосымша 75 тауар позициясын жеткізуге дайын.
Ауыл шаруашылығы қазіргі таңда даму перспективасы өте жоғары сала болып отыр. Оның өзара саудадағы үлесі - шамамен 80%. Біздің елдерімізде АӨК өнімінің тауар айналымын $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар", - деді Әлихан Смайылов.
Жалпы, Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Үкіметі екі елдің басшылары қойған жалпы сауда көлемін $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндетті орындау үшін белсенді жұмыс істеуге дайын.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі көлік-логистика саласы екенін атап өтті. Бұл тұрғыда "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізі ерекше маңызға ие.
Осы маршруттың өткізу қабілетін ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылдау, атап айтқанда, "Тар жерлерді" жою жөніндегі жол картасын бекітіп, оны іске асыру жақын болашақта жүк тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға жол ашар еді", - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, Жол картасын іске асыру 2025 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Өз кезегінде Сейед Джавад Садати Нежад Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы табысты өткенін айтты, оның қорытындысы бойынша тараптар көптеген өзара тиімді келісімге келді.
Сонымен қатар Иранның ауыл шаруашылығы министрі сауда және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін теміржол желісі мен теңіз инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызы зор екенін атап өтті, сондай-ақ Иран Қазақстан нарығына цитрус өнімдерін жеткізу көлемін кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
Кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, өзге де ведомстволардың басшылары, сондай-ақ Иранның дипломатиялық топтары мен Парламент өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2023, 14:58 22156
ЕДБ Қазақстанға 1,1 миллиард доллардан астам инвестиция салуға ниетті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Тоқаев интеграциялық үдерістерде ЕДБ-нің белсенді рөл атқаратынын атап өтті
Астана. 26 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) жұмысының нәтижелері және Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жоспары, сондай-ақ банктің алдағы кезеңге арналған болжамдары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Биыл банк елімізге 1,1 миллиард доллардан аса қаржы құюға және халықаралық инвестициялардың қазақстандық жобаларға тартылуына ықпал етуге ниетті. Көлік инфрақұрылымы және логистика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су ресурстары секілді салаларға басымдық беріледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Николай Подгузов былтыр Еуразиялық даму банкі Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшерін 2021 жылмен салыстырғанда 5 есе өсіріп, 1,2 миллиард долларға жеткізгенін, барлық жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындағанын айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына еларалық интеграциялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Аягөз - Бақты теміржол желісінің және Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара өткелінің құрылысы, сондай-ақ Астрахань - Маңғышлақ су құбырын жаңғырту сияқты жобалар.
Бұдан бөлек, Президентке ЕДБ басқарма төрағасы биыл 15-17 мамыр күндері Алматыда өтетін Азия-Тынық мұхиты аймағының даму институттары қауымдастығының (ADFIAP) кездесуіне дайындық барысын баяндады. Жиынға әлемнің 40 елінен 80-нен астам даму институты, сондай-ақ халықаралық құрылымдар, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің салалық министрліктері қатысып, еліміздің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасына инвестиция құю мәселелерін талқылайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев интеграциялық үдерістерде Еуразиялық даму банкінің белсенді рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, банктің инфрақұрылымды жаңғырту және салу жөніндегі жобаларға қатысуы Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады.
Бұған дейін хабарланғандай, ЕДБ Қазақстанның 2023 жылы ЖІӨ өсімін 4,2%-ға болжап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2023, 12:39 22451
Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға фермерлерден өтінім қабылдау басталды
Бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 26 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылы республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінді. Несиелеуді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (АНК) жүзеге асырады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
АНК филиалдарында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың қаңтар айында басталды. "Аграрлық несие корпорациясына" қаржыландырудың жалпы сомасы 70 млрд теңгеден екі траншпен жіберілетін болады. Бірінші транш қазір аударылды, екінші транш ақпан айында жіберіледі.
Қаржыландыру АӨК субъектілеріне тікелей кредит беру арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарды қорландыру арқылы жүзеге асырылады. АӨК субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі:
- банктік кепілдікпен тікелей кредиттеу кезінде жылдық мөлшерлеме 1,5% - дан аспайды;
- кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер қаржыландырған кезде жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды.
2023 жылы бағдарламаның шарты бойынша кредиттеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды, ал бұрын кредиттеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектеліп келген болатын.
Бюджеттік қаржыландыру есебінен кемінде 2 млн га егіс алқабын қамту жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.01.2023, 11:33 30641
Қазақстан көліктің барлық түрлерімен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізбекші
Достарға айту
Тыйым салуды 4 ай мерзімге енгізу жоспарлануда
Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Оның қоғамдық талқылауы ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады.
Көліктің барлық түрлерімен: бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге төрт ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Ерекшелік мыналар болады:
- жағармай;
- сұйық отын;
- автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкету;
- өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отын.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.01.2023, 11:10 30786
Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі кім болды
Сурет: Бейнеден кадр
Достарға айту
Бүгінгі таңда мәміле сомасы коммерциялық құпия болып табылады. Әзірге, жаңа инвестор жұмысқа кірісіп қойғаны және қазір Риддер ЖЭО-да жүргені белгілі
Риддер. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Авариялық станцияны жылу энергетикасында үлкен тәжірибесі бар инвесторлар сатып алды, команданы ЖЭО жұмысымен жақсы таныс тәжірибелі маман Құралбек Әбдірахманов басқарады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Компания Қарағанды мен Астанада жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мәміле сомасы коммерциялық құпия болып табылады. Әзірге, жаңа инвестор жұмысқа кірісіп қойғаны және қазір Риддер ЖЭО-да жүргені белгілі.
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың айтуынша, меншік иесі компанияларды электр энергиясын өндіретін турбиналарды жөндеуге шақырған.
Көмір беру трактін жөндеу жалғасуда, бүгін түнде желімдеу жұмыстары аяқталады, содан кейін іске қосу-реттеу процесі басталады. Ертең станцияға әдеттегідей көмір беруді жоспарлап отыр", - деді Нұрбаев.
Сондай-ақ, Ержан Нұрбаев атап өткендей, инвестор Риддерде қортқы көмір өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр - бұл өнім бүкіл әлемде және Қазақстанда сұранысқа ие. Оны өндіру кезінде қазандық агрегаттарын жағу үшін қолданылатын газ бөлінеді. Сондай-ақ, қортқы көмір өндірісінде суды жоғары температурада 95 градусқа дейін қыздырады, оны жылу желісінде қолдануға болады. Жаңа меншік иелері "Қазмырыш" кәсіпорнымен де іскерлік әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниетті, олар металлургиялық ЖШС үшін қортқы көмір өндіруге дайын, ал артығы ҚХР-ға экспортталатын болады. Қортқы көмір шығаратын зауыт құрылысының тағы бір артықшылығы - бұл экологиялық компонент, күл үйіндісіне қажеттілік жоқ, өйткені қортқы көмір өндірісінде күл шықпайды деуге болады.
ӨКҚ деректері бойынша, инвесторлық компания барлық қажетті төлемдерді жүргізіп, керекті жабдықтарды сатып алып, істелген жұмыстардың ақысын төлеп бастады. Алдағы жылыту маусымын штаттық режимде өткізу жоспарлануда. Ал жазда Риддер ЖЭО-ға толыққанды жаңғырту жүргізіліп, зауыт құрылысы басталады.
Жаңа меншік иесінің бұдан арғы жоспары айқын, оның мұндай жұмыстарды жүргізуде тәжірибесі де, бұл жайлы нақты түсінігі де бар", - деді Ержан Нұрбаев.
Сондай-ақ, инвестор жаңартылған коммуналдық кәсіпорынның болашақ мамандары үшін, жұмысшылар тапшылығы туындамауы үшін тұрғын үй сатып алуға дайын екенін атап өтті.
Атап өткендей, алдыңғы иелер жұмыс күшінен айырылып қалды, ал 2022 жылдың қараша айындағы апаттық жағдай кезінде қажетті 270 қызметкердің орнына ЖЭО-да небары 100 шақты адам жұмыс істеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа меншік иесі нысанға 7 млрд теңге салуға ниетті.
Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Риддер ЖЭО апатына байланысты 22 мыңнан астам абонент жылусыз қалды. ТЖ режимі енгізілді. Қаладағы ЖЭО-да кезекті апат ағымдағы жылдың қаңтар айының басында орын алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.01.2023, 10:20 30981
Қазақстан мен Ресей мал шаруашылығы өнімдерін жеткізугеді шектеулерді алып тастауға ниетті
Достарға айту
Шектеулер жануарлар ауруларының өршуіне байланысты енгізілді
Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев пен Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт жануарлар ауруларының өршуіне байланысты енгізілген тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импорты бойынша өзара шектеулерді алып тастау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз қызметі.
Қызметтердің басшылары бір-бірін әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін қабылданған және қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Шектеулерді алып тастау туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін тараптар беларусь мамандарының қатысуымен қосымша үш жақты консультациялар өткізуге келісті, деп хабарлады ВБҚК баспасөз қызметі.
Кездесу соңында тараптар аталған шектеулерді алып тастау жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті және Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда және іскерлік қатынастардың қарқынды сипатын атап өтіп, олардың даму жолдарын белгіледі.
Еске салсақ, Асқар Жақыпбаев бүгінде ет Ресей мен Қытайға экспортталмайтынын, бірақ мамыр айында еліміз қауіпсіз деп танылғаннан кейін еттің барлық түрін экспорттауға болатынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.01.2023, 09:38 31226
Қазақстанда 2022 жылы 440 млрд теңгеден астам сомаға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленді
Қазақстанда 538 мыңнан астам адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы алады
Сурет: pexels.com
Достарға айту
Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 341 млрд-тан астам теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 99,9 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны шамамен 538,6 мың адам, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - шамамен 189,9 мың адам болды.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға өскен.
Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топ үшін - 77 889 теңгені, 2-топ үшін - 62 068 теңгені, 3-топ үшін - 42 190 теңгені құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
25.01.2023, 12:37Ағымдағы жылы ArtSport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала қамтылады - МСМ басшысы 25.01.2023, 13:19 33726Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өсуде26.01.2023, 10:34 33456Тоқаев Сенат төрағасы қызметіне Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды26.01.2023, 11:06 33241Әшімбаев қайтадан ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болды26.01.2023, 13:11 32881Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар нотариустар арқылы 2 млрд теңге қарызды өндіріп алды
30.12.2022, 14:38 63706Жануарлармен жаңа жыл12.01.2023, 12:02 62641Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 13:34 62011Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады12.01.2023, 12:49 60861ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды31.12.2022, 13:29 60621Жаңа жылдық көңіл-күй