09.03.2022, 17:07 11976

Ұлттық банк пен KASE теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгертті

Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.
Ұлттық банк пен KASE теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгертті
НҰР-СҰЛТАН. 9 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 9 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық биылғы жылғы 9 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі", - деп хабарлады Ұлттық банк.

 
Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.
 
Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны