05.02.2010, 13:12 2651

"ЛУКОЙЛ" Қазақстанға мұнай жеткізуді уақытша тоқтатты

"ЛУКОЙЛ" Қазақстанға мұнай жеткізуді уақытша тоқтатты

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - "ЛУКОЙЛ" ААҚ Қазақстанға мұнай жеткізуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кедендік құжаттарды, яғни, экспорттық баж салығын қалай рәсімдеу жағы түсініксіздеу болуына байланысты біз 1 ақпаннан бастап Қазақстанға мұнай жеткізуді уақытша тоқтаттық. Жуық арада жағдай анықталады деп үміттенеміз және Қазақстанға мұнай экспорттау үшін экспорттық баж салығының қандай ставкасы қолданылатындығы туралы ресми ақпаратты ала салысымен біз жеткізілімдерді қандай да бір шарттармен қайта жандандыратын боламыз", - деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны