19.05.2014, 19:45 3711

М. Мырзағалиев мұнай өндіру коэффициентін арттыру жұмыстары туралы баяндады

"Бүгінде орташа МӨК еліміз бойынша 30% құрап отыр. Норвегияда ол 50%-ға, кейбір жерлерінде 70%-ға тең. Ұлыбиратания мен Венесуэлада бұл көрсеткіш 40% көрсетіп тұр. Сонымен қатар, Қазақстан масштабында бір пайыздық өсім қоры 150 млн. тонна мұнайды құрайтын жаңа кен орнының ашылуымен парапар", - деді М. Мырзағалиев.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Еліміз бойынша мұнай өндіру коэффиценті (МӨК) 30%-ға жетіп отыр. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының парламеттік фракциясы жанынан құрылған Экономикалық саясат кеңесінің отырысында ҚР Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

"Бүгінде орташа МӨК еліміз бойынша 30% құрап отыр. Норвегияда ол 50%-ға, кейбір жерлерінде 70%-ға тең. Ұлыбиратания мен Венесуэлада бұл көрсеткіш 40% көрсетіп тұр. Сонымен қатар, Қазақстан масштабында бір пайыздық өсім қоры 150 млн. тонна мұнайды құрайтын жаңа кен орнының ашылуымен парапар", - деді М. Мырзағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, МӨК мұнай өндіру саласының басты көрсеткіші болып табылады.

"Министрлік бірнеше бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіп, бағдарламалар жасақтауда.

Біріншіден ол, салалар бойынша заманауи ғилыми-зерттеу базасын жасақтауды ұсынып отыр. Министрлік көмірсутекті кешенді дамытудың арнайы мамандандырылған орталықты құруды жөн көруде. Ол өз кезегінде МӨК артуына және ақылды технологияларды енгізуге септігін тигізеді", - деп ол ағынан жарылды.

Екіншіден, М.Мырзағалиевтің айтуынша, МӨК арттыру бойынша ірі жобалар тобын анықтау, соның ішінде "Шелл" компаниясымен бірлесіп дайындалған саланың технологиялық дамуының жол картасын іске асыру аясындағы жобалар кіреді.

"Үшіншіден,қызмет көрсету компанияларының инвестициялық технологиясын тарту үшін күн тәртібіндегі инженерлік-техникалық мәселелер бойынша отандық және шетелдік мұнай-газ компаниялары арасындағы арнайы мамандандырылған тәжірибе алмасу алаңын құру қажет. Министрлік KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп маусым сайын жұмыс істейтін алаңдарды құруға кірісіп кетті", - дейді М.Мырзағалиев.

"Төртіншіден сынақ өткізу полигондары болмаған жағдайда тиімді бұрғылау тәсілдерін енгізу, кен орнын барлау және кен шығару мүмкін емес. Бесіншіден, МӨК жету үшін арнайы ынталандыру шараларын жүргізген жөн. Олар салық төлеу бойынша жеңілдіктер, келісім шарт бойынша шарттарды жеңілдету жіне т.б.", - деп ол өз ойын түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны