ҚМА ресейлік астықтың Қазақстан арқылы сұр импортының схемасын анықтады
ЖШС 2021-2022 жж. 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттады. Бұл ретте қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, "ҚТЖ Жүк тасымалы" ЖШС-не 150 теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Олжас Бектенов "Kazakh Invest" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Бұл жұмысты күшейту қажет. Ең бастысы - нақты нәтиже. Сылдыр сөзден бұрын, жобаларды жүзеге асыруға, кәсіпорындарды іске қосуға мән беру керек", - деп атап өткен Олжас Бектенов "инвестициялық тапсырыс" тетігін белсенді пайдалану қажеттігін баса айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде келесі жылдан бастап "Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы іске қосылады
Инвестицияға тапсырыс" - халық арасында сұранысқа ие, көбі импортқа шығарылатын тауарларды өндіру үшін ШОБ және жеке сектордағы ірі бизнестің инвестициялық жобаларын қолдауға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама. Бұл - негізінен АӨК және өңдеу өнеркәсібі саласының тұтыну тауарлары. Мемлекет импортты алмастыру және экспортқа тауар өндіру әлеуеті жоғары перспективалық салаларды, ал өңірлер оларды жүзеге асыруға қабілетті нақты жобалар мен бизнесті айқындайды. Жобалардың тиімділігін талдау және оларды қаржыландыру "Бәйтерек" холдингінің құралдары мен тетіктері арқылы жүргізілмек.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлердің өндірістік әлеуетіне талдау жүргізілді. АӨК жобалары бойынша инвестициялық портфель қалыптастырылып, оған жалпы құны 4,3 трлн теңгені құрайтын 202 жоба енді", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.
Бағдарламаның мәні қарапайым және түсінікті. Біз жаздан бастап оның барлық бағытын пысықтаудамыз. Қазір практикалық іске асыру кезеңі жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының тауарлы сүт фермаларын салу бойынша тәжірибесін тарату жобасы басталған кезде көпшілік күмәнданған болатын. Ал қазір барлығы қаржыландыру сұрайды. Бірақ ресурстар шектеулі - қаражат нақты жұмыс жүргізіліп жатқан және өміршең жобалар бар аймақтарға бөлінеді", - вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алдағы 6 жылға барлауға $70 млн-нан астам инвестиция тартылды - Энергетика министрлігі
Өздеріңіз білетіндей, мұнай-газ кешені - бюджетке ірі көлемде түсімдерді, инвестицияларды және жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін Қазақстанның экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі. Қазіргі уақытта мұнай саласында шамамен 220 мың адам еңбек етеді, оған өндіру, өңдеу, тасымалдау және мұнай сервисі кіреді. 2023 және 2024 жылдары жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауға тиісінше 150 млрд және 160 млрд теңге инвестициялады. 2025 жылдың 9 айында геологиялық барлауға салыған инвестиция көлемі 80 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін геологиялық барлауға салынатын инвестиция көлемі алдыңғы жылдардың деңгейімен бірдей болады деп күтілуде", - деп атап өтті Қайырхан Тұтқышбаев.
2020 жылдан бері аукциондарды өткізу рәсімі толығымен автоматтандырылған, сауда-саттықтар e-qazyna.kz порталында өткізіледі, бұл оны барынша ашық етеді. Мәселен, биыл министрлік 2 аукцион өткізді, оның нәтижесінде 11 келісімшарт жасалды. Бюджетке 10,6 млрд теңге аударылды. Алдағы 6 жылға барлауға $71,6 млн инвестиция тартылып отыр. Жаңа айтып өткен, Жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі (ЖҚПБМБЖ) ақпараттық жүйесінде хабарламалар электрондық түрде жолданады. Осы хабарламаларды жыл сайынғы мониторинг нәтижесінде 2024 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың атына жалпы сомасы шамамен 19 млрд теңге болатын келісімшарттық міндеттемелерді бұзу туралы 167 хабарлама жолданды. Осылайша, мемлекеттік бюджетке шамамен 2 млрд теңге түсті. Бұл жұмыстар министрліктің тұрақты бақылауында", - деп атап өтті Қайырхан Тұтқышбаев.
Мемлекет басшысы табиғи ресурстарды тиімді және ақылға қонымды пайдалану қажеттігін, сондай-ақ мұнай-газ саласына, әсіресе геологиялық барлау, жер қойнауын кешенді зерттеу және қосымша инвестициялар тарту саласында жаңа шешімдер қажет екенін атап өтті. Геологиялық барлауды ынталандыру мақсатында депутаттық корпус бірқатар маңызды заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасады. Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады. Біріншіден, аумақтардың ағымдағы шекараларын сақтай отырып, өндіру учаскелерін тереңдету мүмкіндігі. Бұл жаңа кен орындарын іздеуге түрткі болады, компаниялардың қосымша инвестициялар тартуға қызығушылығын арттырады және мемлекетке жаңа геологиялық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Екіншіден, былтыр қабылданған "Экономиканы ырықтандыру туралы" Президент Жарлығы шеңберінде ұлттық компанияларды жер қойнауы учаскелерін басым құқықпен резервацияға алуын үш жылдық кезеңмен шектеу ұсынылды. Бұл бәсекелестіктің дамуын арттырады, әлеуетті инвесторларды тартады және учаскелерді барлауды және кейіннен өнеркәсіптік өндіруге тартуды жеделдетеді. Үшіншіден, ауыр және тақтатас мұнай сияқты қиын алынатын қорларды игеруді ынталандыру мақсатында күрделі жобаларды барлау мен өндіріске дайындау критерийлері түзетулер арқылы кеңейтілді. Осы түзетулерді қабылдау орта мерзімді перспективада 18,7 млн тонна көлемінде АВС1 + С2 санаты бойынша алынатын мұнайдың жиынтық қорлары бар Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар кен орындарына инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Биылғы 5 қарашада екінші оқылымда заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары қолдады", - деді энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Қытай вице-премьерлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Қытай нарығы Қазақстанның астық экспорты үшін үлкен қызығушылық тудырады. Соңғы екі жылда Қытайға астық экспорты бес еседен астам өсіп, 1,4 млн тоннаға жетті. Мемлекеттер басшыларымыздың тапсырмаларын орындау үшін бізге Қытайға астық экспортын 2 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкіметте инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті
Қазан айында жылдық инфляция 0,3 пайыздық тармаққа баяулап, 12,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш қыркүйек айында 12,9% болған. Республиканың 10 өңірінде инфляция деңгейі 10%-дан жоғары болды. Ең үлкен өсім Қарағанды (14,2%), Ұлытау (14,2%), Атырау (13,8%), Ақтөбе (13,5%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент (13,2%) және Астана қаласында (13%) тіркелді", - деп атап өтті Азамат Амрин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады
- машина жасау - 11,5%-ға,
- химия өнеркәсібі - 10,9%-ға,
- азық-түлік - 9,1%-ға,
- мұнай өнімдері - 6,3%-ға,
- металл бұйымдары - 14,1%-ға,
- құрылыс материалдары - 5,3%-ға өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Атырау МӨЗ сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады
Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС жоспарлы жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, барлық технологиялық қондырғыларды штаттық режімге шығарды. Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы және екінші қайта өңдеуге арналған негізгі және қосалқы қондырғылар кестеден ерте іске қосылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов LanzaJet басшылығымен елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда халықаралық әуе хабын құру міндетін қойды. Әуежайлардың әлеуетін кеңейту және инфрақұрылым құрумен қатар, саланы сапалы әрі экологиялық таза авиаотынмен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Біз ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз. Үкімет бұл жобаға жан-жақты қолдау көрсетеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.11.2025, 15:18Геология секторында инвестиция көлемі жыл сайын өсіп келеді - Өнеркәсіп министрлігі 11.11.2025, 20:26 43761Тегін дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін қатаң шаралар қолданылады11.11.2025, 17:23 43761Жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру қызметкерлердің әкімшілік жүктемесін 35%-ға төмендетті10.11.2025, 13:22 35761Олжас Бектенов LanzaJet басшылығымен елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады10.11.2025, 17:48 35586Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады
03.11.2025, 13:05 192671Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды03.11.2025, 12:09 192091Қазақстанда жыл басынан бері 26 мыңнан астам веб-сайт бұғатталды03.11.2025, 17:16 191906Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі03.11.2025, 18:55 187396Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген03.11.2025, 19:15 186696Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды

