06.02.2020, 11:08 6304

Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші туралы аудан әкімі Тілек Көшмағанбетов қорытынды есептік кездесуінде баяндады

Ауыл шаруашылығы дамыған ауданда 36 егін шаруашылығы, 389 мал шаруашылығы, 425 шаруа қожалығы ата кәсіптің нәсібін көріп отыр.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылдың қорытындысына сәйкес облыстың қара шаңырағы саналатын Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жоғары.

2019 жылдың атқарылған жұмыстары туралы бүгін аудан әкімі Тілек Көшмағанбетов қорытынды есептік кездесуінде баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Дәстүлі жиынға аймақ басшысы Серікбай Трұмов, барлық басқарма басшылары мен аудан халқы қатысты.

Ауыл шаруашылығы дамыған ауданда 36 егін шаруашылығы, 389 мал шаруашылығы, 425 шаруа қожалығы ата кәсіптің нәсібін көріп отыр. Тауар өндірушілері өткен жылы 3272 тонна ет, 2754 тонна сүт, 116 мың дана жұмыртқа өндірді. Мал азықтық шөп дайындау үшін 27000 тоннаға жоспар жасалынып, 100% орындалды.

Жайылымды суландыру мақсатында "Агробизнес - 2020" бағдарламасы аясында жаңадан 8 құдық қазылды. Ауданда орта және шағын кәсіпкерлер саны 2321 адамға жетіп, 0,7% пайызға өсті.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" "Еңбек" бағдарламасы бойынша 58 адамға 248 млн. теңге несие берілді.

"Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында да біршама жұмыстар атқарылды. Ұзындығы - 1,65 және 4,8 шақырымды құрайтын селоішілік көшелердің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Б.Жұмалиев, Н.Жұбаев атындағы орта мектебі мен аудандық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Маңғыстау ауданы аумағында 272 шақырым республикалық дәрежедегі автокөлік жолы, 243 шақырым облыстық дәрежедегі автокөлік жолы және 299 шақырым аудандық дәрежедегі автокөлік жолдары бар.

Аудандық дәрежедегі 298,6 шақырым автокөлік жолын күтіп ұстау жұмысына "Абат" мекемесімен 2017 жылғы жасақталған келісім-шарттың мерзімі аяқталуына байланысты, алдын ала сатып алу жоспарымен аудандық дәрежедегі автокөлік жолын күтіп ұстау жұмысына сатып алу жарияланып тұр.

Шетпе-Ұштаған автокөлік жолын орташа жөндеу, жұмысына 2018 жылға - 390,361 млн. теңге қаралып, 30 шақырым автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Маңғыстау облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала мекені автокөлік жолын қайта құрылымдау жалпы ұзындығы 29,5 шқ,жұмысы жүргізілуде.

"Ауданда барлық салаларда жоғары көрсеткіштерге, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Аудан тұрғындарының саны 39 мыңнан асты. Әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда біршама өсті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тұрғындардың атсалысуымен көптеген қызметтер атқарылды. Атап айтсақ, 4 пәтерлі баспана бой көтеріп, тұрғын үйге аса мұқтаж отбасыларға тарту етілді. Аудан орталығының абаттануы мен тазалығы тұрғындармен бірлесе отырып жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындардың талабымен Шетпе ауылы маңында орналасқан карьерлердің тас уату қондырғысын көшіру жұмыстары заң талаптарына сай орындалуда. Алдағы жылдан да күтеріміз мол. Жыл ішінде көптеген әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды ашып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беру жоспарда бар",- деп аудан әкімі өз сөзін қорытындылады.

Есеп беру кездесуінен соң облыс әкімі Серікбай Трұмов сөз сөйлеп, тұрғындар сауалына жауап берді. Аймақ басшысы халықтың бірлігі жарасса, елдің тұрмысы жақсы болатынын жеткізді. Аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны