06.02.2020, 11:11 8052

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында жаңа темір жол вокзалын салу жоспарланып отыр

Бүгінгі таңда вокзалдан тәулігіне 24 пойыз өтеді. Оның алтауы халықаралық бағытта қатынайды. 1986 жылы 10-15 адамға арналып салынған вокзал сыйымдылығы жағынан тарлық етіп, бүгінгі талаптарға сай келмей отыр.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмов Бейнеу ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, тұрғындарды жеке қабылдады.

Аудан орталығы Бейнеу ауылында жаңа темір жол вокзалы салу уақыт талабы. Бүгінгі таңда вокзалдан тәулігіне 24 пойыз өтеді. Оның алтауы халықаралық бағытта қатынайды. 1986 жылы 10-15 адамға арналып салынған вокзал сыйымдылығы жағынан тарлық етіп, бүгінгі талаптарға сай келмей отыр. Аталған мәселелер оң шешімін табу мақсатында жаңа вокзал салу жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы жеке кәсіпкердің қаражатына салуды жоспарлап отырған жобамен танысты.

Аудан әкімдігі жоба бойынша құзырлы органдармен жан жақты жұмыс жүргізіп, инвесторға қолдау көрсетуді тапсырды.

Қазақстан темір жолы және басқа да жауапты мекемелерден қолдау тапса, Бейнеу ауданында жаңа теміржол вокзалы бой көтермек.

Мұнан соң аймақ басшысы аудан әкімдігінде орналасқан "Ашық алаңда" аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда болған азаматтар кәсіпкерлік бағытта несие алу, газ тартуға көмек, ауыз су тарту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, жауапты мамандар тарапынан жауаптар берілді.

Сонымен қатар өңір басшысы аудандағы қоғам белсенділерімен кездесіп, ұысыныстарын тыңдап, белсенділер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ұсыныстары қаперге алынып, жұмыстар бірге жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, өңір басшысы сүт зауытында болып, кәсіпорынның қазіргі хал-ахуалымен танысты.

2020 жылдың қаңтар айында өз жұмысын бастаған "Әділ сүт зауыты" ЖШС тәулігіне 1,5 тонна сүт өнімдерін шығарады.

"Ғимарат жалпы аумағы 363,70 м квадрат жерді алып отыр. Жоба құны 38 млн. теңгені құрайды, қазіргі таңда 17 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз" - дейді жоба құрылтайшысы Садуақасов Азретхали.

Болашақта заманауи технологиялар арқылы өндірістің қуаттылығын 5 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қосымша шұжық, сыр және балмұздақ өндіретін цехтар салып, іске қосып, жұмысшылар санын 35 адамға дейін көбейту. Жалпы қазіргі таңда сүт, айран, қаймақ, сүзбе, шалап, шұбат және құрт өндіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны