02.09.2022, 19:55 19961

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы ең көп қымбаттады

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы ең көп қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Өңірлер арасында тамыз айында ең жоғары жылдық инфляция Маңғыстау облысында тіркелді – 19,3% (республикалық деңгейден 3,2 пайыздық тармаққа жоғары), ең төмені Алматы облысында байқалды – 13,6% (2,5 пайыздық тармаққа төмен), деп хабарлайды статистика бюросы. 
 
Тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық-түлік тауарларының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында – 25,8%, ең төмені Алматы облысында байқалды – 18,4% .
 
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар жылдық мәнде Нұр-Сұлтан қаласында ең көп қымбаттады – 21,6%-ға, ең азы Алматы қаласында – 12,5%. Айта кетейік, ҚР бойынша азық түлік емес тауарлар тамыз айында былтырғы сәйкес айға қарағанда 15,5% қымбаттаған.
 
Ақылы қызметтердің құны бір жыл ішінде Ұлытау облысында 15,8%-ға өсті, ал Ақтөбе облысында республикалық деңгейден 3,8 пайыздық тармаққа төмен болып шығып, 6,3% құрады.
 
Азық-түлік себеті бойынша биылғы шілде айымен салыстырғанда тамызда дәнді дақылдар елордада – 7,4%, майлар Алматыда – 3,5%, сүт өнімдері Ақмола облысында – 7,1% қымбаттады, жемістер мен көкөністер Қазақстанның барлық өңірінде арзандады.
 
Азық-түлік емес тауарлар бойынша киім мен аяқ киім тамыз айында (шілдеге қарағанда) Ақмола облысында 4,5%-ға, жуу және тазарту құралдары Нұр-Сұлтан қаласында 7,6%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтер бойынша шілде айына қарағанда тамызда тұрғын үйді жалға алу бағасының ең жоғары өсімі Алматыда – 26,6%, ал электр энергиясының тарифтері бойынша Астанада байқалды – 16,3%.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны