Система Orphus

Маңғыстау облысында "Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы" бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 1,4 млрд. теңге бөлінді

13.02.2020, 18:11 5401

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында "Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы" бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 1,4 млрд. теңге бөлінді. Шалғайда орналасқан Бейнеу ауданының Есет, Толеп, Сарға, Бейнеу ауылдарын сумен жабдықтау құрылысын және Қарақия аудандағы Сенек, Құланды ауылдарында су сорғы станциясын, Түпқараған ауданы Таушық ауылын, Өмірзақ ауылы Приморский тұрғын массивін, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылын сумен жабдықтау желілерін салу толық аяқталды. Бұл туралы халық алдында қорытынды есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 69%-75,86 % артты. Тұтастай алғанда 2019 жылы 327,7 км сумен жабдықтау желілері мен 52,68 км су бұру желілері салынды. Электрмен жабдықтау тораптарының жалпы ұзындығы 11 349,2 км құрайды. Жоспарланған 943,3 км желілеріне жөндеу жұмысы 100% нақты орындалды. Облыс бойынша жылумен жабдықтаудың жалпы ұзындығы 772,9 км құрайды. Жоспарланған 12 км жылу тораптарын жөндеу 100 % орындалды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау тораптарын жаңғыртудың үлесі - 1,5%, электрмен жабдықтау - 8,3% және газбен жабдықтау - 2,5% құрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны