Система Orphus

Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасын тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қолға алынды

16.01.2020, 14:12 13177

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасын тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қолға алынды.

Маңғыстау облысында сұйытылған газ мәселесі өзекті болып тұр. Ішкі нарықтағы газ бағасына байланысты ауытқулар мен өзгерістер тұтынушылар арасында белгілі бір түсініспеушіліктер тудыруда.

-"Жаңаөзен қаласындағы "ҚазақГазӨңдеуЗауыты" аймақтың қажеттілігін толығымен өтей алмай отыр. Қазіргі таңда "ҚазГӨЗ" ЖШС 14 000 тоннадан аса газ өндіріп отыр, аймақты сұйытылған газбен толық қамтамасыз ету үшін 25% өзге аймақтардан тасымалдануда" - деді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев.

Сондай-ақ, аймақта сұйытылған газ пайдаланатын автотранспорт саны күрт өскен. Өңірде тіркелген 164 мың көліктің 70%-ы сұйытылған газ қолданады. 2018 жылдың қаңтар айында "ҚазГӨЗ" 470 тонна газ өндірсе, бүгінде ол көрсеткіш 570 тоннаға жеткен.

Ал, 2019 жылдан бастап сұйытылған газ электронды сауда алаңына қойыла бастаған. Мәселен, егер өткен жылдың басында электронды сауда алаңы арқылы газ өткізу өңірге жеткізілетін газдың жалпы көлемінің 5 пайызын құраса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 20 пайызды құраған.

Айта кету керек, газ бағасы электронды алаңда белгіленген баға бойынша емес, ұсыныс пен сұраныс негізінде қалыптасады: егер 2019 жылдың ақпан айында электронды алаң арқылы газ сату бағасы тоннасына 43 мың теңгені құраса, 2019 жылдың соңына қарай - бұл көрсеткіш тоннасына 80 мың теңгеге жеткен.

Брифингке қатысқан ҚР Энергетика министрлігі газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Зияш Қияқбаевтың айтуынша, газды электрондық сауда алаңы арқылы сату жыл соңына дейін 100% көшу жоспарланған.

Бүгін ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарына сәйкес, Энергетика министрлігі Маңғыстау облысына 2020 жылдың қаңтар айына 18,800 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді. Оның ішінде 11 291 тонна сұйытылған мұнай газы - "КазГӨЗ" ЖШС-нен, 3,747 тонна сұйытылған мұнай газы - сырттан жеткізіледі ("СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ), 3,760 тонна сұйытылған мұнай газы - электронды сауда алаңдары арқылы саудаланады.Заңға сәйкес, сұйытылған мұнай газы ішкі нарыққа газжелілік мекемелер арқылы жеткізіледі. Маңғыстауда олардың саны - 6 ("SK LTD KZ" ЖШС, "TanaGazCom" ЖШС, "BatysCaspianService" ЖШС, "АвтогазТрэйд" ЖШС, "АДМ ГАЗ" ЖШС және "Газ Центр" ЖШС).

Газжелілік мекемелер өз кезегінде орташа есеппен Ақтау қ. - 58 теңге, Жаңаөзен қ. - 55 теңге, Бейнеу ауд. - 65 теңге, Мұнайлы ауд. - 55 теңге, Маңғыстау ауд. - 57 теңге, Қарақия ауд. - 56 теңге және Түпқараған ауд. - 55 теңгеден сатылып жатыр. Сұйытылған мұнай газы бағасын тұрақтандыру мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі мен Энергетика министрлігі бірлесіп, тиісті жұмыстарды қолға алды.

Сонымен, облыс әкімдігі бағаны тұрақтандыру бойынша аймақта жұмыс істейтін барлық газ желісі ұйымдарымен меморандумға қол қояды, газ желісі ұйымдары өз кезегінде бұл мәселе бойынша бөлшек сауда сатушыларымен (жанармай құю станциялары) жұмыс істемек.

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын Маңғыстау облысына басқа өңірлерден жеткізуді арттыру мәселесін қарастыруда."Сонымен бірге, ашықтықты қамтамасыз ету және сұйытылған мұнай газының тиімді нарығын қалыптастыру үшін электронды сауда алаңы арқылы сауда-саттыққа толық көшу қажет. Бұл өндірушілердің мүдделеріне сәйкес келеді және салаға инвестиция тартуға көмектеседі" - деді ҚР Энергетика министрлігі газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Зияш Қияқбаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны