17.03.2020, 21:43 3289

Маңғыстау облысында сауда орындары өзгертілген режимде жұмыс істейді

Бүгінгі таңда облыста 592 сауда орындары жұмыс істейді, оның ішінде 2 гипермаркет, 71 супермаркет, 490 минимаркет, 29 базар бар.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында сауда орындары өзгертілген режимде жұмыс істейді.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Мұстапаева Венера Тұранқызы мәлім етті.

Бүгінгі таңда облыста 592 сауда орындары жұмыс істейді, оның ішінде 2 гипермаркет, 71 супермаркет, 490 минимаркет, 29 базар бар.

Венера Мұстапаеваның айтуынша, сауда орындарында азық-түлік тауарлары жеткілікті, тапшылығы байқалмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселесі қатаң бақылауда.

Азық-түлік сататын дүкендер, супермаркеттер мен базарлардың жұмыс жасау уакыты санитарлық-дезинфекциялық кауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бұрынғы қалпында қалады.

Ірі сауда орындарына күндізгі сағат 10:00 - кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс жасауға шектеу қойылды.

Тұрмыстық тауарлар мен киім-кешек сататын базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелді.

Қоғамдық орындар мен ғимараттарда тұрақты түрде санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

"Кафелер мен ресторандардың жұмыс уақытына 22:00-ге дейін шектеу қойылды және оларға келушілер саны 50 адамнан аспауы керек. Облыс тұрғындарын сақтық шараларын қатаң түрде сақтауға шақырамыз",-деді жауапты мамандар.

Жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер салықтардан босатылады.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық "Даму" қорының басшысы Гүлжан Қалымбетова айтты.

"Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің несиесін төлеу 3 айға дейін шегеріледі. Бұл қазіргі жағдайда шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында жасалып отырған шара. Яғни несие төлеуші қаржылық ұйымға немесе екінші деңгейлі банкке несие төлеу уақытын кері шегеру үшін арыз жазуы тиіс. Арызды онлайн жазуға да болады",-деді Гүлжан Қалымбетова.

Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыт бойынша шұғыл шаралар пакеті әзірленді. Бұл-қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру, бизнесті тексеруді төмендету және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. "Бизнестің Жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиенің жоғарғы шегі ұлғайтылады және салалық шектеулер алынып тасталады. Бизнесті несиелендіру кезінде кепілдік беру тетігі жеңілдетіледі.Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт объектілерінің иесі болып табылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан бір жыл мерзімге босатылады, сондай-ақ бір тоқсанға өсімақы есептеу тоқтатылады.

3-тоқсан үшін салық есептілігінің мерзімі кейінге ауыстырылатын болады.

Жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер салықтардан босатылады.

Отандық бизнес қосымша қаржылық жүктемесіз бірегейлендірілген шарттарда (6%) әрекет етіп тұрған (Бизнестің Жол картасы - 2025, "Еңбек", ИИДМБ-2025, "Қарапайым заттар экономикасы" және т. б.) мемлекеттік бағдарламалар қолдауының жеңілдікті шараларын пайдаланатын болады.

Ауылөнеркәсіптік кешені саласында несиелендірудің жаңа тетігі, сондай-ақ ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын АӨК биологиялық активтерінің импортын қосымша құн салығынан босату, сонымен қатар 7 мыңға жуық шаруаны ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босату түрінде қосымша салықтық ынталандырулар енгізіледі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойыншаҮкімет шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарын қолдаудың теңдессіз шараларын қабылдайды.

Бұл шаралар, ең алдымен қазіргі жұмыс орындарын сақтауға және кәсіпкерлер мен азаматтардың іскерлік белсенділігін ынталандыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Аталған жұмысқа Қазақстан азаматтарын тарта отырып, инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуді қарастыратын Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінеді.

Банктер қарыз алушылар Төтенше жағдай енгізілген кезде төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейтін болады.

Барлық банктер қаржылық жағдайы нашарлаған бизнес өкілдеріне төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігін беруі керек.

Мемлекет басшысының Жарлықтарын іске асыру үшін біз салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілеудің ерекше тәртібін анықтау, бюджетті қалыптастыру мен орындау, мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау бойынша көптеген шешімдерді қабылдаймыз.

Жалпы кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдаудың жаңа шаралары 200 мыңнан астам жұмыс орнын ашады.

"Осы тұрғыдан үш күндік мерзімде салалық мемлекеттік бағдарламаларға кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа формаларын енгізу бойынша қаулылар жобаларын дайындауды тапсырамын." ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

БҰДАН БЫЛАЙ ӘР АЗАМАТ ЖАҒЫМСЫЗ КРЕДИТТІК ТАРИХЫН ТҮЗЕТЕ АЛАДЫ

Бұл туралы бүгін қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасының басшысы Нұртас Машанов мәлімдеді.

Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін 50%-дан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы жағымсыз кредиттік тарихын түзете алады. Төтенше жағдай кезеңінде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі.

Н.Машановтың айтуынша, халық пен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына жол берілмейді.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдер мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны