Система Orphus

Маңғыстау облысында жыл сайын 4 мың жаңа кәсіп ашылуда

11.02.2020, 23:37 1567

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында жыл сайын 4 мың жаңа кәсіп ашылуда.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры - Қарасаев Нұрбек мәлімдеді.

Бүгінде Маңғыстау облысында 54 мыңға жуық бизнес субъектісі бар. Облыстағы "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша жобалар құны- 57 млрд. тг жетіп, республикада 1-орынға шыққан. "Бастау бизнес" жобасы бойынша 1705 жұмыссыз адам оқытылса, "Жас кәсіпкер" арқылы 700 адам бизнес білім алды. Олардан 626-сы жеке кәсібін ашты. Іске асқан жобалар құны- 826 млн тг құрайды.Биылдан бастап алғаш рет Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры бизнес алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, аудан, қалаларды аралап, кәсіпкерлермен кездесіп, толғандырған мәселелері жайында пікір алмасты.

"Өткен жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына 134 іскер араша сұрап, арызданды. Олардан 76-сы оң шешімін тауып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды. Нәтижесінде 1,8 млрд тг бизнеске өндірілді. Күрделі мәселелер негізінен жер қатынастары, сатып алулар, сервистік қызмет, мемлекеттік органға шағымдану болып келеді,- дейді МО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

Ал, "Атамекен" микроқаржы ұйымының директоры - Ботагөз Сынабаеваның айтуынша, елімізде цифрландыру жүйесіне қосылу мақсатында жүзеге асқан "Atameken services" электронды қызметі көмегімен 5 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 6 мыңға жуық іскерге электронды қызмет көрсетілген.

Маңғыстауда "Қарапайым заттар экономикасымен" 71 жоба қарастырылды. Соның 38-і нақтыланып, құны 57 млрд тг болатын мал өсіру, көкөніс егу, қойма қызметі, пластик шығару, медициналық қызметтер бағытында кәсіптер ашылды.

МО кәсіпкерлер палатасының күшімен өңірлік скрининг өтті. Оған облыстағы үй шаруасында отырып, кәсіппен айналысқан 95 мыңнан астам адам қатысты. Оның қорытындысы кәсіпкерлердің әлеуметтік салаларын анықтау, елді мекендердің экономикалық базасын анықтау, аудандардың мамандандыру карталарын қалыптастыру, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бизнес-жобаларды жасақтауға көмегін тигізбек дейді мамандар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны